{metadescription}
Жамбыл облысындағы тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікті Елордада ұсталды
Жамбыл облысындағы тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікті Елордада ұсталды

Жамбыл облысындағы тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікті Елордада ұсталды

Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікті Нұр-Сұлтан қаласында қолға түсті. Полицейлердің мәліметінше 35 жастағы азамат Шу ауданындағы «Нұр-Отан» партиясының ғимаратына от қойғандардың бірі.

Жергілікті тұрғын 9-қаңтардан бері бас қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде жасырынып жатқан.

Аймақта осы тектес бұзақыларды құрықтау әлі де жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 2600-ден аса адам қолға түскен. Олардың 600-ге жуығы әкімшілік жауапқа тартылса, 57 күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ал қаскөйлерден тәркіленген қару саны күн санап артып жатыр. Кейбірі өз еркімен өткізуде. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Жамбыл ауданы Қостөбе ауылы маңынан тағы да қару-жарақ қоймасы табылды. Белгісіз біреулер 8 автомат пен бір гранатаны және бірнеше мылтықты қапқа салып жерге көміп кеткен. Осылайша жалпы тәркіленген қару-жарақ саны 200-ге жуықтады.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы:

- Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 2287-бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот баллистикалық сараптама тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.