{metadescription}
«Самұрық-Қазына»: Ұлт байлығын халыққа үлестіріп беру – басты мақсатымыз
«Самұрық-Қазына»: Ұлт байлығын халыққа үлестіріп беру – басты мақсатымыз

«Самұрық-Қазына»: Ұлт байлығын халыққа үлестіріп беру – басты мақсатымыз

Қазақстандықтарға «Самұрық-Қазына» қорының активтерін иеленуге тікелей қатысу мүмкіндігі берілуі мүмкін. Президенттің сынынан кейін қор басшысы Алмасадам Сәтқалиев әлеуметтік желідегі жазбасында осылай деп жазды.

Қазір қорды реформалау бағдарламасының жобасы әзірленіп жатыр. Тіпті азаматтардан Қордың жұмысын жақсартатын ұсыныс қабылдауға дайын.

Алмасадам Сәтқалиев, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы:

- Өзгерісті өзімізден бастап, ашықтық, есеп беру, бизнеске кедергі келтірмеу, әлеуметтік жауапкершілік және сыбайлас жемқорлықпен күрес қағидаттарын негізге алып отырмыз. «Самұрық-Қазына» ҚР азаматтарына Қор активтерін тікелей иеленуге мүмкіндік бермек. Яғни ұлт байлығын әділ түрде барша халыққа үлестіріп беру біздің басты мақсатымыз.

Өткен аптада ғана  Алмасадам Сәтқалиев президенттен оңбай сөз естіген еді. Бизнес құрылыммен кездескен Тоқаев Қор басшылығына «Самұрық-Қазынадағы» былықты жоюға бір ай уақыт берген. Егер ол жүктелген міндетті атқара алмаса, қор өзімен бірге келмеске кететінін ескертті.

Демалыс күндері Сәтқалиев ойланып, толғанға ұқсайды. Не шешкенін әлеуметтік желіде қалдыруға асыққандай. Еліміздегі ірі холдингтің басшысы «Қазатомөнеркәсіп», «ҚазақстанТемірЖолы», «Қазмұнайгаз» және басқа да ірі компаниялар енетін, әрі ел байлығының 60 пайыздан астамын ұстап отырған қор қалу керек деп есептейді. Және әрі қарай халықтың әл-ауқатын бақылауды өзіне қалдыруға ниетті. Ал мемлекет басшысы, керісінше, мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласпауын талап еткен-ді.

Алмасадам Сәтқалиев, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы:

- Қорда келесідей функциялар қалуы тиіс деп ойлаймын. Стратегиялық маңызы бар активтерді басқару, ҚР Үкіметінің экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті және отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі агенті, инфрақұрылымға және экономиканың шикізаттық емес секторларына инвестиция құю, нақты жобалар мен жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ету, жеке секторға қолжетімсіз шарттар негізінде жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету арқылы жаңа нарықтарды қалыптастыру және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде