Бейберекетсіздіктен жапа шеккендердің ипотека төлемі 3 айға шегеріледі
Елдегі бейберекетсіздік кезінде жапа шеккендердің ипотека төлемі үш айға дейін шегеріледі. Бұл туралы Қазақстанның орнықтылық қоры хабарлады.
Автор: Асқарбек Қазанғап
24.01.2022
«7-20-25» және «Баспана хит» бағдарламасымен баспана алғандар өтінішімен банкке жүгінуге де, онлайн жолдауға да болады. Шегерімді пайдалану азаматтың несие тарихына әсер етпейді. Төлем мерзімі 2022 жылдың 5-қаңтарынан бастап 90 күнге дейін кейін қалдырылады. Өтініштер 4-сәуірге дейін қабылданады.
Айбар Олжаев, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Сыртқы байланыстар қызметінің бас менеджері:
- Қазір арыздар 4-сәуірге дейін қабылданады. Онлайн немесе офлайн режимінде оны тапсыруға болады. Еркін түрде жазып, азаматтар өз себебін жазуы керек және оны дәлелдейтін құжаттарды қоса ұсынуы керек. Арыздар банктің мобильді қосымшасы, сайты немесе электронды пошта, басқа да онлайн каналдар, сонымен бірге офлайн қабылданады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!