{metadescription}
ЖОО студенттерінің шәкіртақасы жиырма пайызға өсіріледі
ЖОО студенттерінің шәкіртақасы жиырма пайызға өсіріледі

ЖОО студенттерінің шәкіртақасы жиырма пайызға өсіріледі

Жоғары оқу орны студенттерінің шәкіртақасы жиырма пайызға өсіріледі. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады. Асхат Аймағамбетов бастаған ведомство өткен жылдың қыркүйек айында да бакалавр студенттерінің шәкіртақысын 20 пайызға, магистранттар мен доктаранттардың шәкіртақысын 15 пайызға көбейткен.

Содан бері бері бакалавр студенттері 31 мың теңгеден жоғары шәкіртақы алса, магистранттар 76 мың, докторанттар 172 мың теңгені қанағат тұтып келген. Енді тағы 20 пайызға өсіріп студенттер қауымының қуанышын еселемек.

Жаңа өзгеріске сәйкес,  педагогика мамандығында оқитын студенттер 58 мың, басқа бағытта оқитын студенттер 37 мыңға жуық шәкіртақы ала бастайды. Магистранттардың шәкіртақасы 86 907 теңге болса, доктаранттардың ай сайынғы табысы 195 мың теңгеге дейін өседі. Осылайша олардың оқуға, мамандығын игеруге деген құштарлығын арттыру мақсатымыз, - дейді білім министрлігі. Аталған өзгерістер жаңа оқу жылынан бастап күшіне енеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.