Ақтөбеде қамаудан қашқан қылмыскер ұсталды
Ақтөбеде қамаудан қашқан қылмыскер ұсталды. Ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталған 49 жастағы Мұрат Айтқалиевты тәртіп сақшылары мен қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері бір күн бойы іздеген. Күдікті абақтыдан ауруханаға ауыстарған кезде сытылып кетуді жоспарлаған.
Автор: Жаңкалық Ахаш
24.01.2022
Осыдан бес күн бұрын ол тергеу кезінде кеудесіне қалам сұғып алған. Өкпесіне қадалған үшкір затты алу үшін жедел жәрдем ауруханасына жеткізіледі. Ол жерде шұғыл операция жасалып, төрт күн хирургия бөлімінде арнайы палатада жатыпты. Күні-түні қасында күзет болған. Алайда таңғы сағат алты шамасында палатадан қашып кетеді. Оның сыртқа қалай шығып кеткенін ешкім көрмедік деп отыр. Мұрат Айтқалиев уақытша тергеу абақтысында қамауда болған. Оның қандай қылмыс жасағанын құзырлы органдар айтпады. Бейресми деректерге қарағанда, ол адам өлтіріп, зорламақ болған.
Сәкен Қапанов, Ақтөбе облысы жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері:
- 23-қаңтарда і таңертең сағат алтыдан кете қашып кеткен. Қасында күзет болды. Палатадан қашып кеткен. Бөлек палатада жатқан. Қалай қашып кеткенін білмейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!