Бес жасар бала тереңдігі төрт метр дәретханаға құлап кетті
Түркістан облысында әжетханаға құлап кеткен балақай аман қалды. Ауладағы дәретханаға отырмақ болған бес жасар бала тереңдігі төрт метрлік нәжіс толы шұңқырға түсіп кеткен.
Автор: Бек Әбиев
24.01.2022
Баланың әжетхана түбінде жатқанын жақындары дәрет сындыруға келгенде бір-ақ білген. Құтқарушыларды шақырып, мамандар жеткенше әжесі тесікке ұзын таяқ салып демеуге тырысыпты. Дереу жеткен құтқарушылар әжетхананың тар тесігі арқылы баланы әупірімдеп жүріп арқанмен байлап шығарып алды. Алайда улы иіске тұншығып үсті-басының бәрі былғанған. Балақайды тез жуындырып жедел-жәрдеммен дереу ауруханаға жеткізді.
Жомарт Қоспанов, Ордабасы ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы:
- Қазір баланың жағдайы тұрақты. Медициналық қызмет талап етпейді. Бақылаусыз қалған бала ойнап жүріп әжетханаға түсіп кеткен. Жалпы тұрғындарға өтініш: баланы бақылаусыз қалдырмауды ескертеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!