{metadescription}
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстанда жарық өшті – Кім кінәлі?
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстанда жарық өшті – Кім кінәлі?

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстанда жарық өшті – Кім кінәлі?

Кім кінәлі? Бүгін бір мезгілде Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстанның бірнеше қаласында жарық өшті. Салдарынан Бішкек сусыз қалса, Ташкенттегі метро мен әуежайдың жұмысы тоқтаған. Апат Орталық Азияның біріккен энергожүйесінде болғандықтан, жарық Қазақстанның оңтүстік аймақтарында да түгел өшті.

Электр желілерін басқаруға жауапты қазақстандық KEGOС компаниясы мұны Ташкенттегі электр станциясында болған апаттың салдары деп отыр.

Алматылықтар түсте абдырап қалды. Қаланың 70 пайызы жарықтан ажырады. Нақ кептеліс басталар түс әлетінде тоссын болған жағдай бірінші кезекте жүргізушілерді тосырқатты. Қолына таяғын ұстаған полицейлер қозғалысты қадағалау үшін көше қиылыстарына жетті.

Шымкентте де дәл осындай көрініс. Сапырылысқан көліктер, жан-жағына алақтаған адамдар не болып жатқанын аңдап үлегерер емес. Аяқасты электр қуатының өшуінен дүкендер тарс есігін жауып, сыртына «жарық жоқ» деген қағазын да іліп тастаған. Жанармай бекеттерінде көліктер кезекте тұр. «Әне, міне» жанып қалар деген үміттен ақшадан қағылғысы келмеген дүкеншілер оларды қайтаруға асықпайды. Кейбір тұрғындар бұл жайтты жайсыз қабылдап, қайтадан қазан-ошақ жағамыз ба деген сары уайымға салынып үлгерген.

Назира Еспетаева, Шымкент қаласының тұрғыны:

Тағы да далаға от жағып, қазан шығаратын болды ма, не болды сонда, түсінбедім? Біздің бастықтар қайда  қарап отыр? Осындай хәлге неге жеткізеді халықты? Жылу өшіп, үй мұздай. Соған қарағанда біздің ТЭЦ жарық арқылы істейді. Өмірі мына жерге газ келмеген. Бұл үйдің бәрінде электрплита.

Әңгіменің әлқиссасы әріде жатқан болып шықты. Ташкенттің электр станциясында болған апат біздің оңтүстік аймақ пен Қырғызстанға дейін түгел жарықсыз қалдырған. Өйткені бұл үш ел Орталық Азияның біріккен энергожүйесіне қосылған.

Бақытхан Жазықбаев, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Сағат 11:59- да Өзбекстанның «Сырдария» газ электр станциясында болған апаттан кейін бірден төрт блогы жұмыстан шықты. Осыған байланысты Қазақстанның энергожүйесіне 1000 мегеваттық апатты жүктеме болды. Соның салдарынан Алматы қаласы ,Алматы облысы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 2000 мегеваттқа дейін электрэнергиясының өшуіне әкеліп соқты.

Өзбекстан

Түсте Ташкенттің құтқарушылары тауға жөңкілді. Жарық өшкенде аспалы көпірмен кетіп бара жатқан демалушылар ауада тұрып қалған. Метро жұмысы тоқтап, байланыс үзіліп жұрт әбден әбігерге түсті.

Қырғызстан

Ал жарықтан ажырау айырқалпақты ағайынды уақытша ауыз судан да ажыратты. Ірі нысандары генератор күшімен ғана істеп тұр.

Алматы

Көршілермен салыстырғанда біздегі жағдай тез оңалды. Ақау дереу жөнделіп, жарық кешке дейін барлық жерде қайта қосылды. Қазір өзіміздегі Мойнақ пен Алматы ЭС электр қуатын өндіру қарқынын арттырыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.