Тоқаев: Шекарадағы былықтың шешілер күні алыс емес
Шекарадағы былықтың шешілер күні алыс емес. «Орта Азия-Қытай» онлайн саммитінде бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Кедендегі кедергілер, көлеңкелі кәсіпкерлік екі ел арасындағы алыс-беріске де нұқсанын тигізген. Заңсыз іс жасағандармен күрес қазір қатаң түрде жүріп жатыр деді президент.
Автор: Елдос Есенбол
25.01.2022
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Соңғы жылдары аймақішілік ынтымақтастық сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Мұнда мемлекеттердің қарқынды және сенімді диалогы шешуші рөл атқарады. Заманауи өткізу пункттері ашылып , қосымша авиарейстер мен теміржол маршруттары іске қосылып жатыр. Біз кеденде тәртіп орнатуда батыл жұмысты бастадық, соның ішінде заңсыз схемаларды енгізген және бизнес үшін барлық тосқауыл қойған кәсіпкерлермен күрес жүргізіп жатырмыз. Нәтижесін көрер күн де алыс емес деп ойлаймын.
Кеден ғана емес, қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда ел басқарудың, ұлттық қауіпсіздік пен экономиканың жаңа жүйесі жұмыс жасайды деді мемлекет басшысы.
Қытай мен Орта Азия елдерінің тауар айналымы өткен жылдың он бір айында 40 миллиард долларды құраса, оның тең жартысына жуығы Қазақстанға тиесілі екен. Сол себепті көлік логистикасына көбірек көңіл бөлінбек. Қазақстан 2025 жылға дейін Қытаймен, оңтүстіктегі көршілерімен көлік қатынасын жақсарту үшін 20 миллиард доллар бөлуге дайын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!