{metadescription}
0:000:00
Жаңа ережелер: Карантин шектеуі. Кәсіпкерлерге жеңілдік. Ashyq

Жаңа ережелер: Карантин шектеуі. Кәсіпкерлерге жеңілдік. Ashyq

Қазақстанда бизнес нысандар ауқымды жеңілдікке ие болды. Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін бірден іске кіріскен шенеуніктер бүгін кәсіпкерлердің қалай жұмыс істейтінін айтып берді. Ashyq қосымшасының қатысушылары енді шектеусіз қызмет көрсете алады.

Сондай-ақ коронавирус жұқтырған науқастармен жақын байланыста болғандардың үйде болу мерзімі қысқарды.

2020 жылдан бері бүкіл әлем коронавирустан қорғану үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Жасап та келеді. Әр түрлі карантин шектеуі тіпті шаршатып жіберген секілді.

Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр ел халқының 70 пайызын вирусқа қарсы егетін болса, денсаулық сақтау саласындағы дағдарыс биыл аяқталуы мүмкін дегенді айтты.

Қазақстанда бүгінгі күні қауіпті індетке қарсы вакцинаны толық 9 миллионнан астам адам алды. Бұлекпе алуға жарамды жұрттың 48 пайызы ғана вакцина салдырғанын көрсетеді.

Үкімет отырысында еліміздің бас дәрігері маңғыстаулықтар мен қостанайлықтардың екпе қабылдауға құлшынысы төмен екенін айтып қынжылды. Ал вакцина салдырмаса, індетті жұқтыру мен оны емдеу де қауіпті. Онсыз да елдегі эпиджағдай нашар. Желтоқсанмен салыстырғанда қаңтарда КВИ 11 есе өршіген. Бүгін 16 мың науқас коронавирус жұқтырған.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Коронавирустың күрт өсуі республикадағы инфекциялық ауруханалардың толуына әсер етті. Соңғы айда инфекциялық төсектерді қамту 18%-дан 38%-ға дейін екі есе ұлғайды. Төсек қорының 50% астам аурулармен қамтылуы Нұр-Сұлтанда, Ақмола, Ақтөбе, Алматы және Павлодар облыстарында анықталды. Астанада жансақтау бөлімінде 50%-дан астам төсек толған.

Аурудың құтырғанын біле тұрып шенеуніктер карантин шектеулеріндегі кейбір ережені қабылдауға шешім қабылдапты. Енді симптомсыз ауырған, сондай-ақ вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған азаматтар үйінде екі апта емес, 10 күн жата алады. Егер бір аптадан соң коронавирусты анықтайтын ПТР-тестісі теріс нәтиже көрсетсе, азамат келесі күні карантиннен шығады.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Егер қандай да бір себептермен 7 тәулікке арналған ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин тестті қосымша тапсырусыз 10-шы күні аяқталады. Бұл өлшем шарттар Бас мемлекеттік санитар дәрігердің шектеу шаралары жөніндегі және жұмыс ережелері мен Ashyq-тағы мәртебенің өзгеруін айқындайтын қаулыларында көрініс тапты.

Бас санитар дәрігерге бизнес нысандарының жұмыс істеу ережесін де қайта жасауға тура келген сыңайлы. Президенттің кәсіпкерлерді қыспай, карантин шараларын жеңілдету туралы тапсырмасынан кейін шенеуніктер бірден кірісіп қабылдаған шешімдерін жария етті. Енді Ashyq қатысушылары шектеусіз жұмыс істей береді. Тіпті «қызыл», «жасыл», «сары» аймаққа да қарамайды. Ashyq қолданушылары міндетті түрде «жасыл» немесе «көк» мәртебеде болуы шарт.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Елімізде пандемияның бүкіл кезеңінде бизнестің барлық саласында карантин шаралардың мұндай кең ауқымды жеңілдіктері болған жоқ. Бұл белгіленген қауіпсіз жұмыс алгоритмдерін орындау жолында бизнестің ерекше жауапкершілігі мен адалдығына сенім артады. Ал егер денсаулық сақтау жүйесі жүктемесі арту қаупі туғанда және коронавирустың өлім-жітімі артса, қосымша шектеу шаралары енгізіледі.

Жүйе кез-келген уақытта істен шығуы мүмкін. Сондықтан министрлік бизнестегілерден санитарлық талаптарды сақтауды сұрайды.

Бүгінде Түркістан облысынан басқа өңірлердің бәрі «қызыл» аймақта тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.