{metadescription}
0:000:00
2050 теңгенің еті қайда?

2050 теңгенің еті қайда?

2050 теңгенің еті қайда? Алматыдағы базарлардың жанында әлеуметтік бес дүкен ашылған. Алайда арзандатылған бағамен сиырдың жауырыны, төс еті мен сүйек-саяғын ғана алуға болады. Ал базардағы орташа баға бұдан кемі 400-500 теңгеге қымбат. Тілшіміз базарларды аралап, бағасын көріп қайтты.

Соңғы уақытта Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев айтқан бағаны іздеп базарға барған халықтың қарасы көбейген. Алайда 2050 теңгеге сиырдың сан еті емес, тек жауырыны мен төсі саудалануда. Оның өзінде жалғыз дүңгіршек әр базардың бір бұрышында ғана орналасқан. 

Айдос Бақытбеков, кәсіпкер:

- Күніне бір орынға 150-180 сатып алушы келеді. Сиыр етінің төс қабырғасы 2050 теңгеден басталады. Жалпы қалада 300-400 теңгеге, бізде арзан.

Жоба екі ай бұрын жүзеге асырыла бастаған. Мақсаты - етті әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға қолжетімді ету. Жауаптылар етке қойылған тұрақты бағаны кәсіпкерлермен келісе отырып белгілепті.

Ерлан Омаров, Кәсіпкерлік және инвестиция басқарма басшысының орынбасары:

- Төс етін 2050 теңгеден сату үшін кәсіпкерлерге біздің әлеуметтік орында орналасқан біраз жағдайлар істелінеді. Ол, біріншіден, осы орналасқан базарлардан орын тегін беріледі. Ешқандай төлеусіз. Және несие, қарыз беріледі. Ол да ешқандай пайызсыз. Бұл негізі кәсіпкерлерге көмек және әлеуметтік маңызы бар төс қабырға етінің бағасын тұрақтандыру және өспеуіне жол бермеу жұмысы жұргізіліп жатыр.

Жалпы базарларда сиыр етінің бір келісі 2500- 2700 теңге, жылқы еті 3000 теңге тұрады. Тіпті қой етінің бір келісінің өзі 2200 теңгеден жоғары. Ал төмен бағаны естіген сатушылар әлеуметтік сауда орнындағы еттің сапасына сын айтты. 

Айсұлу Байғарашова, кәсіпкер:

- Сапасына қарай. Өйткені екі ай жем жеген малмен бес ай жегеннің арасында айырмашылық бар. Екі ай тұрса, оның азырақ жем-шөп жесе, оның бағасы сәл төмен. Ал бес-алты ай тұрып, недәруір көп жем жеп, көбірек тұрған сайын бағасы да қымбаттырақ.

Қалада бұған дейін  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен көкөністер арзандатылған бағада сатылып келді. Енді етсіз асын елестетпейтін қараша базардан тек сиырдың жауырыны мен төс етін ғана 2050 теңгеден ала алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.