Қарттар мен мүгедектердің зейнетақы, жәрдемақысын 5 жыл бойы ұрлаған – Қарағанды облысы
Қарағанды облысында қарттар мен мүгедектердің зейнетақы мен мен жәрдемақыларын бес жылдан бері жымқырып келген топ ұсталды. Абай қаласындағы «Қазпошта» бөлімінің басшысы мен қарттар үйінің екі қызметкері жарымжандарға қаңтарда түскен ақшаны бөліп жатқан кезде ұсталды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
25.01.2022
Қаладағы пәтерлердің бірінде кезекті олжаны ортаға салып отырғанда құзырлы орган өкілдері сау ете қалған. Мұнда 25 зейнеткердің қаңтар айында түскен 1 миллион 300 мың теңгені құрайтын зейнетақылары бөліске түсіп жатқан. Әрқайсысына тиесілі сома аты жазылған бір жапырақ қағаздарға оралған. Тәргеу мәліметінше, қылмыстық топ мұндай әрекетпен соңғы бес жылдан бері айналысып келіпті. Артында сұраушысы жоқ жалғызбасты қариялар мен жарымжандардың жағдайын бұлар оңтайлы пайдаланған. Қорғансыздардың қалтасына қол сұққан күдіктелер қазір тергеуге алынып жатыр.
Ардақ Әбілқас Қарағанды облысы экономикалық тергеу департаментінің басқарма бастығы:
- Бұл ақша қарттар үйіндегі зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған. Ақша алдыру туралы қол қойғыздырып алып, сол қызметкерлер қарттар үйінде жатқан зейнеткерлер мен мүгедектердің ақшасын алдап иемденген. Бұл қылмыс бойынша Абай қаласы қарттар үйінің екі маманы және Қарағанды облысы «Қазпошта» АҚ бөлімше бастығы күдікті ретінде танылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!