{metadescription}
0:000:00
Ұлттық құрама Бейжіңдегі Олимпиададан құрқол келуі мүмкін

Ұлттық құрама Бейжіңдегі Олимпиададан құрқол келуі мүмкін

Ұлттық құрама Бейжіңдегі Қысқы олимпиададан да құрқол келуі мүмкін. Министрлік «бір медаль алсақ та, бізге үлкен жетістік» деп қанағат тұтып отыр. Жауаптылар жазғы ойындардан кейін семіз сөйлеуге қорқатын секілді. Өйткені қатысатын 34 спортшының 19-ы олимпиадаға алғаш рет бара жатыр.

Олар шаңғы, тау шаңғысы, фристайл, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, шаңғымен трамплиннен секіруден өнер көрсетеді.

Ал  қазақстандықтар ерекше жақсы көретін мәнерлеп сырғанаудан биыл бірде-бір жолдама жоқ. Өкінішке қарай, марқұм Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаевалардың ізбасарлары әлем спортшыларымен иық тіресуге шамасы жетпей тұр.

Қытайдағы қысқы ойынға мемлекет 628 миллион лн бөлген. Оның 400 миллионы төрт жыл бойы спортшыларды баптауға жұмсалыпты. Медаль алған жағдайда спортшылар ережеге сәйкес, қазынадан бөлінетін арнайы сыйақыларға ие болады.

Жалпы 1994 жылдан бері Қазақстан Қысқы олимпиада ойындарынан бар-жоғы 8 медаль алған.

Серік Жарасбаев,  ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

- Медаль бола ма, болмай ма, жоспарды айту өте қиын. Неге десеңіз, соңғы екі Олимпиадаға дайындалған спортшыларымызды бұрынғы Олимпиадамен салыстырғанда басқаша бір жағдайда, басқаша да мүмкіндіктері болып жатыр. Өздеріңізге белгілі, соңғы екі жарым жыл бойы бүкіләлемде пандемия болып жатыр. Бірақ біздің спортшыларымыз, біздің әріптесіміз айтып кеткендей, бар күшін салып жоғары, өз алдына қойып отырған нәтижеге қол жеткізеді деп сенеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.