{metadescription}
0:000:00
Экология министрлігі: Біреуі қамауға алынып, екіншісі күдікке ілінді

Экология министрлігі: Біреуі қамауға алынып, екіншісі күдікке ілінді

Бүгін экология министрінің тағы бір орынбасары қамауға алынды. Біріншісі сұйытылған газ бағасы бойынша күдікке ілінсе, екінші вице-министр Ахметжан Пірімқұловтың утилизация алымының төңірегіндегі былыққа қатысы болуы мүмкін.

Өйткені антикор шенеунікпен бірге атышулы "Оператор РОП" компаниясының басшысы Медет Құмарғалиевті де тұтқындады. Екеуі де қазір елордадағы тергеу абақтысында отыр. Ал Оператор РОП-тың тағы бір атқарушы директорларының бірі асылып өлген. Ол іс бойынша полиция "суицидке итермелеу" бабымен тергеу жүргізіп жатыр. 

«Оператор РОП» деп аталатын жеке серіктестіктің ел ауызынан түспей жүргеніне көп болған жоқ. Бүгін сол атышулы компанияның атқарушы директоры болған Руслан Шамшиевтің асылып өлгені айтылды. 43 жастағы азаматтың суицид жасағанын Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті растады. Бірақ марқұмның неліктен мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз. Мән-жайды толық анықтау үшін қазір тергеу жүріп жатыр. Полиция «өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғалған.

 "Оператор РОП"-тың бүгінгі жыры мұнымен бітпейді. Жемқорлыққа қарсы қызмет утилизациялық алым жинаумен айналасатын компанияның басқарма төрағасын қамауға алды. Медет Құмарғалиев қазір астанадағы Уақытша ұстау изоляторында отыр. Төрағаның шетел аспақ болғаны да айтылған. Ұшаққа мінбек болғанда Құмарғалиевтың қолына кісен салынған көрінеді.  Алайда мұны жұбайы дереу жоққа шығарды. 

Әсем Құмарғалиева, М.Құмарғалиевтің зайыбы:

Бүгін барлық бұқаралық ақпарат құралдарында менің жолдасымның ұсталғаны және оның елден қашық кетпек болғаны жайлы жазып, айтып жатыр. Өз кезегімде күйеуімнің елде болғанын, ешқашан қашуға тырыспағанын айтқым келеді. Тарап жатқан  ақпарат шындыққа жанаспайды. Медет Құмарғалиев Қазақстанда туып өсті, өз елінен кету туралы мүлде ойлаған емес. Ол отансүйгіш жан, көпбалалы әке. Өмірінің 20 жылдан астамын экологияға арнады. Мен оның қоғамдық қорғаушысы ретінде әділдік үшін аяғына дейін күресемін. Күйеуімді тергеу барысындағы барлық ақпарат менің фейсбук парақшамда жарияланады. Құзырлы мекемелер, жалған ақпарат таратып көпшілікті адастырмауларыңызды өтінемін.

Құмарғалиевпен қатар экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов та ұсталды. Қос шенеунікке тағылған айып бірдей. Жемқорлыққа қатысы бар деген күдік. Пірімқұлов та Құмарғалиевпен бірге изоляторда отыр.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың ұсталғанын растайды. Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының УҰИ-на қамалды.

Ал елордадағы «Оператор РОП» компаниясының бас ғимаратында осындай қарбалас. Күн санап проблемасы көбейген ұжым «қойшының қызы қой келгенде іс тіктінің» керін қылып, жөндеу жұмыстарын жасап жатыр ма, әлде бұл компанияның дәуірі түпкілікті аяқталғанының белгісі ме түсініксіз.

Жалпы «Оператор РОП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 5 жылға жуық уақыттың ішінде халықтан  600 миллиардтан астам ақша тауыпты. Осыншама қаржыны жинаған ұйымының жең ұшынан жалғасқан істері көп болса керек. Әзірге қалған қаражат қанша, қайда жұмсалмақ ол жағы белгісіз. Кінәлілер табылса қалтаға басқан ақшаны қайтара ма, ол да жұмбақ. Тек, бұдан былай «Оператор РОП»-тың утиль алымына жауапты емес екендігі ғана айқын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.