{metadescription}
 «Оператор РОП» 600 миллиардтан астам теңге жинаған
 «Оператор РОП» 600 миллиардтан астам теңге жинаған

 «Оператор РОП» 600 миллиардтан астам теңге жинаған

Утильдік алымды енді қандай компания жинап жатыр? Белгісіз жұмыс тобы тарифтерді қалай есептеді, қандай қаулыға сүйенді? Бүгін мәжілісмендер осындай сан сауалға бас қатырды. Депутаттар бұл мәселенің ақ-қарасы анықталмайынша, утильдік алымға мораторий жариялану керек деп есептейді.

Мәжілісмендер осыған дейін ұшы көрінбеген сомалардың сол күйі жоқ болып кетуінен қорып отыр. Деректерге қарағанда, «Оператор РОП» компаниясы құрылған бес жылда 600 миллиардтан астам теңге ақша жинаған. Тексеріс барысында бұл сан тіпті еселенуі мүмкін.

Жылдар бойы жекенің қалтасына түскен қаржының 10 пайызы ғана утилизацияға жұмсалыпты. Ал қалған 181 миллиард теңгенің қайда кеткені туралы экология министрлігі жақ ашпай отыр. Жұмбақ күйінде қалған ақша мемлекет қазынасына қайтарылмай тұрып, утильдік алымға мораторий жарияланып,толық аудит жүргізілуі керек дейді депутат Еділ Жаңбыршин.

Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:

– Жалпы утиль жинаудан түскен қаржы туралы әр түрлі цифрлар айтылып жүр. Жеке оператордың бұқаралық ақпарат құралдарына берген мәліметіне қарасақ, 2016 жылдан 2021 жылдың қыркүйек айына дейін түскен қаржы 600 млрд-тан теңгеден астам. Бұл қыруар қаржы қайда кеткен? Ол жөнінде толық дерек жоқ. Қазір утиль жинауға байланысты жұмыс тобы құрылып талқылау жүріп жатыр. Бірақ әр түрлі тараптардың паритеті сақталмаған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде