{metadescription}
Елорда террористік қауіптің жоғары деңгейінен шығарылады
Елорда террористік қауіптің жоғары деңгейінен шығарылады

Елорда террористік қауіптің жоғары деңгейінен шығарылады

Елордада ертеңнен бастап террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі алынады. Қазір бас қалада жағдай тұрақты. Барлық күш құрылымдары қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.

Елімізде жаппай тәртіпсіздіктер басталғанда республика бойынша террористік қауіптің «қызыл» деңгейі енгізілген. Аймақтарда блокбекеттер қойылып, бейберекетсіздікті ұйымдастырғандарды іздестіру шаралары өткізілді.

Өңірлерде тыныштық орнап, ахуал тұрақталған соң күні кеше Алматы қаласы, Жамбыл және Алматы облыстарында лаңкестік қауіптің «қызыл» деңгейі алынып тасталған.

Қаңтардың екісінде Жаңаөзенде басталған наразылық шарасы өзге қалаларда жалғасып, соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан еді. Дүрбелеңде 225 адам жер жастанып, жүздегені түрлі жарақат алды. Жеті ірі қалада 1500-ге жуық нысанға шабуыл жасалып, әкімшілік ғимараттардың күл-талқаны шықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде