«Меха России»: Тон саудасын түнде жасаңыз
Тон саудасын түнде жасаңыз! Алматыдағы «Меха России» жәрмеңкесі жұртшылыққа тағы да тапсырмас мүмкіндік сыйлап отыр. Яғни алдағы демалыс күндері жеңілдіктер түні жалғасын таппақ. Сапасы жоғары, бағасы қарапайым халық үшін қолжетімді бола түспек.
Автор: Салтанат Шырынхан
27.01.2022
Ресейден әкелінген түрлі тондар көздің жауын алады. Сыртқы киімдерді көрген қыз-келіншектер айнаның алдын айналшықтап жүрсе, жігіттер өз қалағандарын жылдам тауып алуда. Соның бірі - Елдос Досжан. Ол өзіне тон қарап жүріп іздеген бас киімін де осы жәрмеңкеден кезіктіріпті.
Елдос Досжан, Алматы қаласының тұрғыны:
- Осы жерге келгеннен соң тек әйелдерге ғана деп ойладым. Бірақ ондай емес екен. Ерлерге де өте әдемі тондар, шубалар және бас киімдер өте көп екен. Ұнатып осы бір тонды сатып алдым. Өзіме қатты ұнады. Және де жарасты. Және келіп қарасам осындай өте әдемі шапкалар сапалы ең бастысы жылы бас киімдер бар екен тоннан жасалған.
Жиі жасалатын жеңілдіктер түнінде тондарды барынша қолжетімді бағада ала аласыз. Түрлі сыйлықтар мен 70 мың теңгелік сертификат та беріледі. Сатушылардың айтуынша соңғы бір жылда көбінесе ішікті өздерінен бұрын сыйлыққа алушылар көбейген. Тіпті классикалық үлгіде ғана емес, түрлі-түсті тондарға да сұраныс арта бастапты.
Вероника Шевченко, сатушы:
- Сіздерге 29 мен 30 қаңтар күні жеңілдіктер түні болатынын хабарлаймыз. Күндізгі сағат 4-тен кешкі сағат 21:00-ге дейін жалғасады. Жеңілдіктеріміз әлі де жүріп жатыр. Яғни мутон -150 мыңнан, құндыз- 200 мыңнан, Керли -120 мыңнан басталады. Сондай-ақ ерлерге арналған сырт киімдер де 200 мыңнан басталады.
«Меха России» дүкенінде тонның 3 мыңнан астам түрі бар. Бағалы ішіктерге оңай әрі жылдам қол жеткізу үшін, бөліп төлеу мен несиеге беру жағы да қарастырылған. Тіпті дүкен ішінде отырған банк қызметкерлерінен бірден рәсімдеп әкете аласыз.
Әдемі тонды арзанға аламын десеңіз, «Балуан Шолақ» спорт сарайына келіңіз. Кіретін есігі Байтұрсынұлы көшесі жағынан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!