{metadescription}
Таразда ақыл-есінен адасқан екі азаматтың туыстары табылмай жатыр
Таразда ақыл-есінен адасқан екі азаматтың туыстары табылмай жатыр

Таразда ақыл-есінен адасқан екі азаматтың туыстары табылмай жатыр

Таразда ақыл-есінен адасқан екі азаматтың туыстары табылмай жатыр. Олар бір жарым ай бұрын өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа жеткізілген. Екеуінің жеке басын растайтын бірде бір құжаты жоқ.

Сондықтан орталық мамандары тығырыққа тіреліп отыр. Амалы таусылған олар енді екі азаматтың жақындарына іздеу салуға мәжбүр.

Өзінің аты-жөні мен жасын және тұрғылықты жерін ғана білетін  Бақытжан Қожаниязов 40 күн бұрын орталыққа жеткізілген. 26 жастағы азамат 15 жыл бұрын Алматыға әжесімен Өзбекстаннан көшіп келдім дейді. Небәрі 9 сыныпты аяқтаған ол әртүрлі жалдамалы жұмыс та істеген көрінеді. Жасқаншақ жігіт ойын толық жеткізе алмайды. Әке-шеше, бауырлары бар-жоғыннан да бейхабар. 

-Әке-шешең бар ма?

-Бар шығар, білмеймін.

-Бауырларыңның да бар-жоғын білмейсің бе?

-Білмеймін.

Ал арбаға таңылған азамат жайында мүлдем мәлімет жоқ десе болады. Ол аты-жөнін, жасын, тіпті қай өңірден екенін айта алмаған. Мамандардың мәлімдеуінше жас шамасы 50-ге таяған кісі инсульт алған болуы мүмкін. Содан кейін ақылынан адасса керек. Бірақ белгісіз азамат күнделікті әңгімелесудің арқасында өткенін біртіндеп есіне түсіріп жатыр. Бүгін де біраз мағлұмат берді.

Қайта әлеуметтендіру орталығында жалпы саны 105 адам бар. Мұндағы мамандар соңғы екі азаматтың тағдырына алаңдаулы. Өйткені екеуінің жеке басының анықталмауы біраз шаруаға тұсау болған.

Ботакөз Қалқабаева, психолог:

- Бақытжанды туыстары табылса, алып кетсе, болмаса ары қарай құжаттарын дайындап онымен де медиктер жұмыс жасайды ғой. Олардың жеке тұлғалары табылмай тұрғаннан кейін жұмыс жасалынбай бір орында тұрып қалып жатыр. Сол үшін оларды білетін адамдар болса жақсы болар еді.

Орталық мамандары екі азаматтың тағдырына бей-жай қарамуға шақырады. Сондықтан оларды таныған жан болса хабар беруді сұрап отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде