{metadescription}
Петропавл ТЭЦ: Бірнеше  қазандық істен шыққан
Петропавл ТЭЦ: Бірнеше  қазандық істен шыққан

Петропавл ТЭЦ: Бірнеше  қазандық істен шыққан

Петропавл тұрғындары жылуға жарымай, ыстық судан қағылды. Өйткені жылу энергия орталығында бірден бірнеше  қазандық істен шыққан. Орталық мамандары қазандықтар толығымен қашан іске  қосылатынын айта алмай отыр.

Қаладағы пәтерлер  өткен жексенбіден бері бір жылымапты. Тұрғындардың айтуыша баспанадағы температура 16 градустан аспайды.  Қала сыртында тұратындар тіпті үй суып кеткенін айтып дабыл қағып жатыр. Сөйтсе жылу орталығындағы 12 қазандықтың бірден бесеуі бұзылып қалған. Бұл соңғы жарты жылы ішінде үшінші рет қайталанып отыр. Энергетиктер соларды жөндеп бола алмай жатыр екен. Айтуыларынша 60 жыл болған ескі құрылғылар жиі істен шығады. Ал оларды жаңартуға қаржы жеткіліксіз.

Михаил Косачев,  «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры:

Біздің есеп бойынша орталықтағы құрылғыларды қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін бір жылда 6 миллиард теңге жұмсауымыз қажет. Ал бізге жыл сайын бөлінетін сома 2-3 миллиард теңгенің көлемінде. Ол қаражатты біз апаттың алдын алуға емес, болған апаттың салдарымен күреске жұмсауға мәжбүрміз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде