Ақтөбеде гараж кооперативі жарылып кете жаздады
Ақтөбеде гараж кооперативі жарылып кете жаздады. Өрт шыққан жерден құтқарушылар газ баллоны мен компрессорды дер кезінде сыртқа шығарып үлгерген.
Автор: Жаңалық Ахаш
27.01.2022
От тұтанған гараж көлік жөндеуді кәсіп еткен тұрғынға тиесілі екен. Ішінде үш машина қатар тұрыпты. Құлыптаулы тұрған гараждан түтін шығып жатқанын көршілері байқаған. Құтқарушылар үш көлікті сыртқа шығарып жүргенде газ толы баллонды көреді. Өрт сөндірушілердің өзі осы баллон мен компрессорды көздері шалғанда шошып кеткенін айтады. Оттың кесірінен жарылып кеткенде біраз жерді қопарып, біршама адамның өміріне қауіп төндірер еді дейді. Дегенмен гараж иесі тек әкімшілік жазамен құтылды.
Айбат Жаңабергенов, Ақтөбе қаласы ТЖБ бастығы:
- Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Осы аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 410-бабы 1-бөлігімен жеке тұлғаға ескерту түрінде әкімшілік шара қолданылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!