{metadescription}
Қазақ-өзбек шекарасында 35 вагон картоп шіріп барады
Қазақ-өзбек шекарасында 35 вагон картоп шіріп барады

Қазақ-өзбек шекарасында 35 вагон картоп шіріп барады

Шекарада шіріп жатыр. Қазақ-өзбек шекарасындағы Сарыағаш кеден бекетінде картоп тиелген 35 вагон жіпсіз байланып тұр. Өзбекстандық тапсырыс берушілермен келісімшарт жасалып, ақшасын алып қойған отандық кәсіпкерлер Павлодардан артылған тауарды кеденнен өткізе алмаған.

Өйткені іштегі бағаны тұрақтандырмайынша, көкөністі сыртқа шығаруға Үкімет тыйым салған. Ал діттеген жеріне жете алмай шаш етектен шығынға батқан кәсіпкерлер енді екі мың тонна картопты шекарада шірітіп аламыз деп көмек сұрады.

Сарыағаш кеден бекетінде тұралап тұрған вагондардың барлығына картоп тиелген. Павлодардан көкөніс артқан жүк вагондарының алды екі апта бұрын келсе, соңғысы жеті күн бұрын жеткен екен. Бірақ кеденшілер түрлі сылтаумен Өзбекстанға өткізбеді дейді кәсіпкерлер. Суықта темір вагонға тиелген картоптың алды үсіп кетіпті.

Ал шекарада осындай күйге түскен 35 вагон көкөніс тұр. «Әр вагонға 68 тонна картоп тиедік» деген кәсіпкерлер 2380 тонна өнімнің шетінен шіріп жатқанын айтады. Өзбекстандық кәсіпкерлермен келісімшартқа отырып, Павлодардың өнімін жеткізіп береміз дегендер енді не істерін білмейді.

Нұрғали Орманов, кәсіпкер:

Не жағдай екенін біле алмай жатырмыз. Кеденге келеміз, бұлар шекара қызметіне сілтейді. Шекара стансаға жібереді. Не жағдайда тұрғанын біле алмай жатырмыз. Қашан кетеді. Ақшасы төленіп қойған Өзбекстанға. Өзбекстаннан сұрап жатыр қашан келеді, қашан қояды деп. Өткізбесе төлемді қайтадан жіберуім керек. Ал, тауар жарай ма, жарамай ма, белгісіз. Жартысы мұздап қалған.       

 Әр вагондағы картоптың құны 12 миллион теңге екен. Оған қоса тасымалдау мен вагондардың жалға алған ақшасына шаш етектен шығындалып жатырмыз деген кәсіпкерлер кімге жүгінерін де білмейді.Тиелген тауардың құжаттарынан бастап, мойынға алған міндеттемелерін шекарашылар мен кеденшілерге сан көрсеткенмен міз бақпады дейді. Десе де кеденшілермен келіскен кей пысықтар өтіп кетіп жатқанын айтады.

Жанболат Алтаев, кәсіпкер:

- Өтті басында, қалай өтіп кетіп жатқанын. Теріп өткізіп жатыр ма, арасынан өтіп кетті. Үш вагондап, төрт вагондап Қарағанды қаласынан, Тараз қаласынан артылған вагондар. Әр вагоннан мың доллардан алып өтіп кетіп жатыр дейді фирманың жігіттері.

Ал кеденшілер бағаны тұрақтандыру мақсатында сәбіз бен картопты шекара асырмау туралы үкімет қаулысы бар дейді. Сондықтан қаңтардың 19-нан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті жіберуге қақымыз жоқ дейді. Ал ақшасын бергендер кеденнен өтіп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды.

Есдәулет Шалқаров, Сарыағаш кеден бекеті бастығының орынбасары:

Бұл вагондар 15-і келмеген. Бұл вагондар 19-шы қаңтардан бастап келген вагондар. Бірақ құжаттарын көрсетіп тұр ғой. Құжаттарын көрсетсе осы ресми телевидениеге көрсетсін. Біз теміржолмен салыстырамыз. Жымысқы әрекеттер орын алған жоқ. Ондай фактілер жоқ. Ол бойынша орын алған жағдайдың өзінде сол жұмыспен айналысатын құзырлы органдар бар. Соларға сауал жібере ме,  не басқа да өздерінің іс-әрекетін жасай берсін.

“Жоғарыдан пәрмен келмесе өткізбейміз” дегендер екі жарым мың тоннаға жуық картоптың не боларында шаруамыз жоқ дейді. Сондықтан картоп тасып байымақ болғандар пайда таппақ түгілі, тақырға отырдық деп шырылдап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде