{metadescription}
Алматыда құрылыстың жаңа ережесі cалынып жатқандарға қатысы жоқ
Алматыда құрылыстың жаңа ережесі cалынып жатқандарға қатысы жоқ

Алматыда құрылыстың жаңа ережесі cалынып жатқандарға қатысы жоқ

Алматыда құрылысқа енетін жаңа ережелердің қазір cалынып жатқан нысандарға еш қатысы жоқ. Бұған дейін Абай даңғылынан жоғары әл-Фараби мен Жандосов көшесіне дейін, Шығыс айналма жолынан Саин көшесіне дейінгі аралықта тұрғын үй ғимараттарының биіктігі бес және тоғыз қабаттан аспайтыны айтылған еді.

Бірақ жаңа бастама сарапшылардың көкейіндегі үмітпен қатар күдікті күшейтіп отыр. Бірі жаңа ережені жақтаса, енді бірі баспана нарығында дүрбелең туып, баспана қымбаттауы мүмкін деп есептейді.

Қала құрылысына енетін жаңа ережелер алматылықтарды кәдімгідей елеңдетіп тастаған еді. Өйткені талапқа сай  Абайдан жоғары әл-Фараби даңғылы мен Жандосов көшесіне дейін, Шығыс айналма жолынан Саин көшесіне дейінгі аралықта салынатын тұрғын үй ғимараттарының биіктігі шектеліп, бес және тоғыз қабаттан аспауы тиіс. Шенеуніктер мұны ыңғайлы және жайлы қаланы қалыптыстыру бағытындағы бастама деп түсіндіреді. Бірақ қала келбетін алға тартқан әкімдіктігілер жаңа ережені сылтау етіп белгіленген аймақта топырлатып бес немесе тоғыз қабатты үйлерді сала бермейміз деп сендіреді.

Алмасхан Ахмеджанов, қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы:

Бір қабатпен шағынауданның тұрғын үлгілерін салуға болмайды, архитектура заңы бойынша. Мысалы, бір топ үйлердің арасында біреу-екеу биік ғимарат болу керек. Сол қалай болатыны, қандай профилде істеу керектігін халықпен, оның ішінде кәсіби сәулетшілермен, арнайы институттармен бірлесіп бір нәтижесін шығарамыз.

Жаңа талапқа орай тау баурайларында аз қабатты тұрғын үй кешендерін салуға да тыйым салынады. Ал қала құрылысына өзгеше реңк беретін ережелер тарихи орталықтың сақталуын ескере отырып қабылданған. Яғни тұрғын үй кешендерін салушыларға мектептер, балабақшалар және өзге де инфрақұлыммен қамтамасыз ету міндеттемесі енгізілген

Айта кетейік, жаңа талап бойынша биіктігі шектелетін ғимараттардың қазір құрылысы жүріп жатқан нысандарға қатысы жоқ. Мәселен құрылысы қыз-қыз қайнаған биік үйлер заңды негізде толық аяқталуға тиіс. Өйткені үлескерлер алдын ала ақшасын төлеп, несие рәсімдегендіктен оны тоқтатуға құқығымыз жоқ дейді әкімдіктегілер.

Ал құрылыс саласының сарапшылары белгіленген аймақтарда ғимараттардың биіктігін шектеу сейсмикалық тұрғыдан тиімділігін мойындайды. Бірақ мамандарды бастаманың экономикалық жағынан кері әсері қатты алаңдатады. Әсіресе, әлі игерілмеген жер телімдеріне қатысты жобалар шатқаяқтап, нысандардың қабатын қайта санауға тура келеді деген олар баспана құны шарықтап кетуі ғажап емес дейді. 

Ералы Сауранбаев, Қазақстанның құрылыс салалары одағының басқарма төрағасы:

Осы жағдайларға байланысты 2023-2024 жылдарға жоспарланған көлем азаяды. Еңбек нарығы, яғни жұмыс күші де қысқарады. Нәтижесінде үйдің бағасы көтеріледі. Себебі, тұрғын үй ғимараттарының биіктігін қысқарту қатты әсер етеді. Бұл сатып алушылар мен тұрғын үй жағдайын жақсартуға ұмтылғандарға үлкен соққы болады

Тіпті қаланың келбеті өзгереді деген байламмен келіскісі жоқ сарапшылар кеңес дәуіріндегі бір типті үйлерге қайта ораламыз ба деп қауіптенеді. Алайда өзге мамандар қаладағы түрлі инфрақұрылым мен халықтың тығыздығын биік үйлердің есебімен шешу қажет емес деп есептейді.

Диас Маратұлы, Urban Forum Kazakhstan қорының қызметкері:

- Міндетті түрде бәрі 5 немесе 9 қабат болу міндет емес қой. Олардың қабаттықтары әр түрлі болуы мүмкін. Сәулет шешімдерін қолдану арқылы керемет үйлерге қол жеткізе аламыз. Бүгінге дейін болған тығыздықты тек биіктік арқылы ұлғайтудың парктикасынан қайтуымыз керек. Қаланы ықшамдап дұрыс дамытуға болады. Және бұл үшін биіктік міндетті емес.

Десе де қазір комиссия құрылып, жаңа ережені жан-жақты талқылауға көшкен. Оның құрамына сәулетшілер мен құрылысшылар енген. Бір ай көлемінде нақты нәтижесі шығады. Демек мамандарды алаңдатқан сан сауал сол кезде шешімін тауып, түрлі өзгерістер де болуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде