{metadescription}
Сенат Елбасының тағы бір өкілеттілігін алып тастауды ұсынды
Сенат Елбасының тағы бір өкілеттілігін алып тастауды ұсынды

Сенат Елбасының тағы бір өкілеттілігін алып тастауды ұсынды

Бүгін Сенат Елбасының тағы бір өкілеттілігін алып тастауды ұсынды. Жоғары палата тұңғыш президентпен кеңесу туралы заңының күшін жоймақ. Яғни, тұңғыш президент енді елдің ішкі және сыртқы саясатына, мемлекеттік бастамаларға кірісе алмайды.

Ләззат Сүлеймен, Сенат депутаты:

- Заңды талқылау барысында бір норма енгізіліп отыр. Ол – «Тұңғыш Президент туралы» заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамаларды Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алып тасталып отыр. Сондықтан Сенат заңнамаға енгізілген өзгерістерді тұжырымдамалы түрде қолдап, осы бір өзгеріспенен Мәжіліске қайтарып отыр.

Өткен аптада ғана төменгі палата «Тұңғыш Президент - Елбасы туралы» заңға өзгерістер енгізіп, әріптестерін қолдауға шақырған. Мәжілісмендер Елбасы Қауіпсіздік Кеңесін, Қазақстан халқы ассамблеясын өмір бойы басқара алмайды деген ұйғарымға келген-ді. Бүгін сол ұсынысты сенаторлар қабыл алғанымен қоймай, тұңғыш президентпен мемлекеттік бастамаларды келісу қажеттілігін жою деген өзгеріс енгізіп, заңды қайта Мәжіліске жолдады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде