{metadescription}
Біртанов ісі: Қадағалаушы орган тергеудегі олқылығын реттеуге тиіс 
Біртанов ісі: Қадағалаушы орган тергеудегі олқылығын реттеуге тиіс 

Біртанов ісі: Қадағалаушы орган тергеудегі олқылығын реттеуге тиіс 

Тергеу тағы жалғасады. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісін сот бүгін Бас прокуратураға қайтарды. Қадағалаушы орган тергеуде жіберген олқылықты басты сот отырысы басталғанша реттеуге тиіс. Ал экс-министрдің өзі бұрынғыдай үй қамағында қалады.

Енді Бас прокуратураның даулы іске қатысты қайтадан бас қатыруына тура келеді. Біртановпен бірге оның орынбасары болған Олжас Әбішевтің де үй қамақта отыру мерзімі бір айға ұзарды. Айта кетейік, осыған дейін Біртанов істің сотқа өткеніне наразылығын білдірген. Ол қылмыстық істе пайда болған жаңа дәйектермен танысып үлгермегеніне де шағымданды. Сондай-ақ экс-министр істі басқа тергеу органына тапсыруды сұраған. Нақтырақ айтсақ, бұл істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жүргізуін талап етті. Бұған дейін тергеумен прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігі айналысқан еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде