Жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандар «Айбын» орденімен марапатталды
Жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандар «Айбын» орденімен марапатталды. Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Барғанаев және Ербол Ержановқа тағайындалған награданы олардың туыстарына ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев табыстады.
Автор: Елдос Есенбол
28.01.2022
Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:
- Бұл екі қызметкерлер терористердің шабуылынан қаза тапты. Өмірінің соңына дейін қылмыскерлермен атысып, өз ғимаратын қорғап қалды. Олар кез келген марапатқа лайық. Себебі, азаматтардың қауіпсіздігі және мемлекеттің тұрақтылығы үшін өз өмірлерін қиды. Батырларға тән ерлік көрсетті.
Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде елімізде үш мыңға жуық полиция қызметкері жараланып, он сегізі қызметін атқару кезінде мерт болған. Соның бірі Алматы облысы полиция департаменті арнайы жасағының қызметкері Дархан Барғанаев болса, екіншісі қылмыстық атқару жүйесінің қызметкері Ербол Ержанов. Екінші және үшінші дәрежелі «Айбын» орденін қолына алған туыстары марқұмдар сын сағатта қызметіне адал болды деп еске алды.
Гүлім Ержанова, Е. Ержановтың жесірі:
- Ұлымыз да әскери. Институтта оқиды. Әкесінің артынан ерген, әкесінің жолын қуу үшін. Сол оқуға түсіргенбіз. Баласының қызығын көрем деп армандаған болатын. «Еліңе адал еңбек ет» деп ақылын айтып жүретін. Баласының ақылшысы болған. Өзі кішкентайынан армандаған екен, әскери қызметкер боламын деп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!