Тоқаев: Елбасының қажырлы жұмысын жоққа шығаруға болмайды
«Елбасының мемлекет дамуында атқарған қажырлы жұмысын жоққа шығаруға болмайды!» Бүгінгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының бұрынғы төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін атап өтті. Елбасының мемлекет беріктігін сақтаудағы айрықша рөлін еске салды.
Автор: Елдос Есенбол
28.01.2022
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Тұңғыш президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді. Ол тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған тұлға ретінде Отанымыздың және әлем тарихында қалатыны сөзсіз. Елбасының 30 жылда ел мүддесі үшін жасаған жұмысын жоққа шығаруға болмайды. Бұл тарихқа қиянат жасау деген сөз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!