{metadescription}
Бір тәулікте 12 жарым мыңдай адам КВИ жұқтырып, 17 адам ажал құшты
Бір тәулікте 12 жарым мыңдай адам КВИ жұқтырып, 17 адам ажал құшты

Бір тәулікте 12 жарым мыңдай адам КВИ жұқтырып, 17 адам ажал құшты

Елдегі эпидахуал: «сары» жолақта тұрған жалғыз Түркістан облысы «жасыл» аймаққа ойысты. Ал одан өзге өңірдің барлығы әлі де коронавирус таралу қауіптілігі ең жоғарғы «қызыл» деңгейде тұр.

Соған қарамастан кейбір аймақтарда карантин талаптары жеңілдетіліп жатыр. Мәселен, Ақтөбе мен Қарағанды облысында екпе алғандарға мәдени және спорт нысандарының есігі ашық. Ал Шығыс Қазақстан облысының оқушылары алдағы дүйсенбіден бастап мектепке оралады. 

Қарағанды облысында бүгін карантин талаптарына қатысты жаңа қаулы шықты. «Жасыл» статусы бар тұрғындар мәдени, спорт нысандары мен сауда орталықтарына және қоғамдық тамақтану орындарына бара алады. Театр, кинотаетрларға залды 60 пайызға дейін көрерменге толтыруға рұқсат. Ал «Ашық» жүйесіндегі көк мәртебемен халыққа қызмет көрсету орталықтарына еркін кіре алады. Дегенмен өңірдегі эпидахуал алаңдатарлық. Мұнда күніне 2 мыңға жуық адамнан қауіпті кесел анықталып жатыр.

Татьяна Бойко, Қарағанды қаласы №1 көпбейінді ауруханасының қызметкері:

- Үш есеге жуық артты. Егер жай күндері 90-120 шақыртуға шықсақ, қазір оның саны 400-ге жетті. Кей күндері тіпті 500-600-ге дейін барады. Яғни тұмау белгілері, ыстығы көтерілу, жөтелу, түшкіру белгілері бар барлық шақыртуға міндетті түрде мобильді топ шығады.

Ақтөбе облысында да той жасап, садақа беріп, мәдени орындарды аралауға рұқсат берілді. Мұндағы мамандар жаңа қаулыда көптеген тыйымды алып тастады. Бүгін мешіттерде жұма намазға жамағаттың қатысуна рұқсат берілді. Бірақ көрсеткіш мұнда да көңіл көншітпейді. Бір күнде 479 адам коронавируспен тіркелген. Сондай-ақ 500-ден аса бала қауіпті індетпен ауырып жатыр. Олардың 137-сі бір жасқа толмаған сәбилер.

Бекболат Ізбасаров, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Барлығы қазір 500 бала, олар бақылауда. Оның ішінде 29 бала стационарлық ем алуда. Барлық балалардың жағдайы орташа ауыр. 263 жүкті әйел бақылауда. Оның ішінде 42 әйел стационарда.

Шығыс Қазақстан облысында кеселді әсіресе мектеп оқушылары көптеп жұқтыруда. Өңір басшысының мәліметінше, Семейде бір күнде 37 жасөспірім сырқатқа шалдыққан. Алайда аймақтағы білім ошақтары алдағы дүйсенбіден бастап дәстүрлі оқу форматына көшеді. Осыған орай барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтау міндеттелді.

Бағлан Тауанова, ШҚО санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің қоғаммен байланыс жөніндегі бас маманы:

- Облыстағы барлық білім беру мекемелері 31 қаңтардан бастап келесі форматта жұмысын жалғастырады.  Мектеп алды және бастауыш сыныптар штаттық форматта оқиды. 600 оқушысы бар мектептер штаттық форматта. Ал 600-ден астам оқушысы бар мектептер, ғимараттың жобасына байланысты 50 пайыздан аспаған уақытта штаттық форматта оқуға рұқсат етілген.

Алматы қаласы науқас саны бойынша алғашқы үштікте. Жыл басынан бері мұнда індеттің ілмегіне іліккендер 13 есеге бір-ақ артқан. Күн сайынғы көрсеткіш 2 мыңнан төмен түспей тұр. Шаһардағы карантин талаптары мемлекет басшысы ерекше тоқталған бизнеске қатысты қайта қаралып, шектелерді жеңілдету қолға алынды. .

Жалпы елімізде бір тәулікте 12 жарым мыңнан аса отандасымыздың сынамасы оң нәтижені көрсетті. 17 адам ажал құшты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.