{metadescription}
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы атыс тоқтады
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы атыс тоқтады

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы атыс тоқтады

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы атыс тоқтады. Екі ел арасындағы қарулы қақтығыс кеше басталған болатын. Өкінішке қарай жанжалдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар.

Ал түнде шекарада шу ушыққанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы алаңдап, жағдайды тұрақтандыру жолында екі елге де көмек көрсетуге әзір екенін айтқан. 

Бұл бейнежазбадан шекара маңында зулаған оқтан зәре-құты қалмай қашқан тұрғындарды көруге болады. Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, әуелі тәжік шекарашылары Баткен облысындағы Торт-Коч елдімекеніндегі Баткен-Исфана жолын жауып тастаған. Артынан оқ атып жағдайды ушықтырған. Тіпті тәжік тарапы миномет пен гранатометтан оқ атқылапты.

Алайда ресми Душанбе шекарадағы қарулы қақтығысқа қырғыз тарапын айыптайды. Ал түн ішіндегі төтенше жағдайға байланысты Қырғызстанның 11 мыңнан астам тұрғыны шекара маңынан қауіпсіз жерге кетіп үлгерген. Қарулы қақтығыстан қырғыздың 11 әскери қызметкері жараланыпты. Тәжікстан жағынан екі азамат қаза тауып, 10 адам түрлі жарақат алған. Араларында бейбіт тұрғындар бар. 

Қазір жағдай тұрақталып, өзара келіссөздер нәтижесінде атыс тоқтатылды. Жолдар ашылып, шекара жанындағы әскерлер шығарылды. Бірлескен комиссия тергеу жұмыстарын бастап та кетті.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында бұған дейін де бірнеше рет қарулы қақтығыс болды. Өйткені екі арасындағы шекара ұзақтығы 970 шақырым болғанымен оның жартысынан астамы ғана реттелген. Ал қалған бөліктегі даулы нүктелер үшін оқтын-оқтын оқ атылып, жанжал туындап тұрады. Соңғы рет өткен жылдың сәуір айындағы қақтығыста Қырғызстаннан 36, Тәжікстаннан 19 адам жан тапсырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде