{metadescription}
Оралда бес қабатты үй тұрғындары жылусыз бүрсең қағып отыр
Оралда бес қабатты үй тұрғындары жылусыз бүрсең қағып отыр

Оралда бес қабатты үй тұрғындары жылусыз бүрсең қағып отыр

“Жылусыз бүрсең қақтық”! Оралда бес қабатты үйге жылу жөнді берілмей, тұрғындары қаңтарда бүрсең қағып отыр. Қыс басталмай тұрып, қала әкімдігіне қанша мәрте шағымданғанымен , әлі мәселе бір жақты болмаған. Салдарынан, электр жылытқыштарды қосып, өлместің күнін кешіп жатыр.

Нұртас Төлепов балаларын қабат-қабат киінідіргенмен бәрібір тұмауға шалдығады деп күрсінеді. Пәтердегі температура әрі кетсе 15 градусқа дейін көтеріледі. Оның өзі жылытқыштың көмегімен. Соңғы рет тоққа 15 мың теңге төлеген. Электр пешсіз үй азынайтындықтан, қоспасқа амал жоқ дейді.

Нұртас Төлепов, Орал қаласының тұрғыны:

Түнде суық. Осы бөлмеде бәріміз ұйықтаймыз. Мына жерде жылытқыш тұрады. Күндіз аса білінбегенмен, қас қарайғанда бөлме салқындап кетеді.

Бес қабатты ескі үйдің 80 пәтері бар. Құбырлардың тозығы жеткендіктен қысым да жөнді жоқ. Былтыр пәтер иелері кооперативіне базыналарын айтқанымен, мақұлдаумен әңгімені жылы жауыпты-мыс.

Вячеслав Голубев, Орал қаласының тұрғыны:

- Жылытқыш құрылғылары болмаса, пәтердегі температура 10 градусқа да жетпейтін еді. Қазір нағыз суық ай. Бізді елеп жатқан ешкім жоқ. Жылытқыш үнемі қосылып тұратындықтан, коммуналдық төлем де көбейді.

Пәтер иелері кооперативі жағдайды беске біледі. Өздеріне шаң жуытқысы жоқ. Жарты ғасыр бойы қызметке жарап, қазір болдырған құбырларды ауыстыру қажет деп құрғақ жауап қатты. “80 пәтердің иелері толық  ақша жинаған жағдайда ғана мәселе шешіледі” деп, жауапкершілікті тұрғындардың өзіне сілтеген сыңай танытты.

Қайырғали Сыдықов, «Үміт» пәтер иелері кооперативінің төрағасы:

- Әрқайсының пәтерінде 2-3 батареядан тұр. Қысым қайдан болсын? Ал құбырлар ескі. Бұрыннан ауыспаған. Ешкімнің оны ақша шығарып ауыстыруға құлқы жоқ. Әңгіме ақшаға келіп тірелгенде, бәрі үнсіз қалады. Ал, бізде қаржы қайдан болсын?

Сайып келгенде мәселені тұрғындар өздері шешуге белсене кіріспесе, олардың жыртығын жамауға ешкімнің де құлқы жоқ. Электр пешін қосып тоққа қыруар ақша төлеп қыстап шығудан басқа амалы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде