{metadescription}
Петропавлдық зейнеткер өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр
Петропавлдық зейнеткер өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр

Петропавлдық зейнеткер өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр

Петропавлдық зейнеткер өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр. Жергілікті тұрғын белгісіз жайғдайда өлілердің қатарына қосылып кетіпті. Енді ол бір айдан бері осы олқылықты кім жібергенін және оны қалай түзетерін білмей басы қатқан.

Өйткені жауапты мамандар оның уәжіне құлақ аспайды. Құжатта қаза тапқан кісімен тілшіміз кездесіп келді.

61 жастағы Алмагүл Есенбердина тірілердің санатында жоқ екенін кездейсоқ білген. Денсаулығына байланысты жоспарлы ота жасалуы керек болған екен. Ол құжатын әзірлеп медициналық порталға тіркелейін деген. Сол кезде зейнеткердің о дүниелік болғаны анықталған. Бұны естігенде ол есінен танып қала жаздапты.    

Алмагүл Есенбердина, зейнеткер:

- Анықтаманы алғанда өз көзіме өзім сенбедім.Төбемнен жай түскендей болды. Мен тірі адаммын ғой, қалай өлілердің қатарына қосқан? Әлі күнге өз-өзіме келе алмай жүрмін.

Зейнеткер шұғыл түрде мәселенің мән-жайын анықтауға білек сыбана кіріседі. Өлілердің қатарына кім қосты және одан қалай шығу керектігін қарастырады. Алайда бұл шаруа оңайға түспейді. АХАЖ бөлімі мен Халыққа қызмет көрсету орталығы зейнеткердің шаруасын шешпей сенделтіп қойған. Осылайша өзінің тірі екенін дәледей алмай дал болып жүргенде зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы тағы да тығырққа тіреген.

Алмагүл Есенбердина, зейнеткер:

- Кеше маған зейнетақы төлеу жөніндегі мемлектетік орталығынан хабарласып, қаңтар айының зейнетақысы түскенін айтты. Ал ақпан айынның зейнетақысын ала алмайсыз дейді. Өйткені мен әлі күнге өлілердің қатарында екенмін. «Енді не істеуім керек десем, «Екібастұзға барып шешесің» дейді. Қайда барсам да ешкім көмек бермейді.

Амалы таусылған жергілікті тұрғын құзырлы орындарға шағым түсіріпті. Көп күттірмей прокуратура олқылық жіберген мекемені анықтаған. 

Әмір Рақымов, прокурор:

- Зейнеткердің шағымынан кейін тексеріс жүргізіп, Екібастұздағы АХАЖ бөлімінің қызметкері техникалық қателік жібергенін анықтадық. Соның кесірінен азаматша Есенбердина өткен жылдың желтоқсан айында қайтыс болғандардың тізіміне қосылып кеткен. Қазір бұл құжатың күші жойылды.

Алмагүл Есенбердина қателік жіберген мамандардың кесірінен күйзеліске түстім дейді. Тіпті денсаулығы да бұрынғыдан нашарлап кеткен. Сондықтан ол кінәлілерді сотқа беріп материалдық шығын өндіріп алмақшы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде