Шымкентте бір отбасы ғазға уланып өлді
Шымкентте бір отбасы түтінге тұншығып көз жұмды. Үш адамның денесін құтқарушылар есікті бұзып кіргенде бір-ақ көріпті.
Автор: Бек Әбиев
31.01.2022
Жедел жәрдемді іштегі адамдардың бірі шақырған екен. Бірақ дәрігерлер келгенде есікті аша алмай төтенше жағдайлар департаментіне хабарласып көмек сұраған. Құтқарушылар есікті арнайы саймандармен ашып кіргенімен, дәрігерлер еш нәрсе істей алмады. Қосқабатты ескі үйдегі пәтерге газ қондырғысы орнатылған. Құзырлы орындар үш адамның өліміне дұрыс орнатылмаған қондырғы немесе құбырлардың талапқа сай жүргізілмегені себеп болуы мүмкін дейді.
Ғазиз Тұрманов, Шымкент қаласы ТЖД қызметкері:
- Есікті ашқан кезде залда, диванда анасы шомылып шыққан жалаңаш күйде жатыр. Келіні қасында орындықта отырған күйде құлаған. Ванна мен зал ортасындағы дәлізде 1978 жылғы баласының денесі жатты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!