{metadescription}
Бір жылда тұрғын үйді жалға алу құны 18 пайызға өскен
Бір жылда тұрғын үйді жалға алу құны 18 пайызға өскен

Бір жылда тұрғын үйді жалға алу құны 18 пайызға өскен

Елімізде соңғы бір жылда тұрғын үйді жалға алу құны 18 пайызға өскен. «Энерджипром» сайтының мәліметінше, республикамызда бір бөлмелі жалдамалы пәтердің ақысы орташа есеппен 132 мың теңгеге жуықтайды.

Қазақстан баспананы жалға алу бағасы бойынша 107 елдің арасында 82-ші орынға жайғасқан.

Жалдамалы пәтердің құны еселеп өскен қалалардың көшін Алматы бастап тұр. Оңтүстік астанада үйді жалға алу бағасы бір жылда 40 пайызға, Оралда 32,5 пайызға, Шымкентте 31,3 пайызға көтерілген. Еліміздегі ең арзан пәтерді Тараздан табуға болады. Әулие ата өңірінде бағаның өсімі бар-жоғы 5,5 пайызды көрсетті. Жалдамалы үйдің шаршы метріне ең қымбат баға елордада тіркелді. Бас қалада әр шаршы метріне 4 мың теңгеге жуық сұрайды. Одан кейін Алматыда 3 мыңнан астам теңге, Ақтауда екі жарым теңге тұрады. Сарапшылар уақытша пана іздейтіндер панемиядан кейін күрт көбейгенін жеткізді. Тиісінше сұраныс артқан сайын баға да ырыққа көнбей аспандаған.

Асқар Базарбаев, жылжымайтын мүлік сату агенттігінің директоры:

- Пәтердің жалға алу құны әрдайым өсіп отырады. Әсіресе ірі қалаларда баға тұрақсыз. Өйткені сұраныс бар. Соңғы екі жылда баға тіптен қымбаттады. Оған түрлі себеп әсер етті. Біріншіден – пандемия. Екіншіден – ауыл-аймақтан қалаға көшетіндер көбейді. Өскен бағаны тұрақтандыру қиын болады. Теңгеміз де құнсызданып кетті. Жалдамалы тұрғын үй құны ақырындап көтеріле береді. Бұрынғы баға қайтып келмейтіні анық. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде