{metadescription}
Сәбізді шекара асырып сатуға болады, картоп сатушыларға квота бөлінеді
Сәбізді шекара асырып сатуға болады, картоп сатушыларға квота бөлінеді

Сәбізді шекара асырып сатуға болады, картоп сатушыларға квота бөлінеді

Экспортқа шектеу алынып тасталды. Енді отандық шаруалар сәбізді еш кедергісіз шекара асырып сата алады. Ал картоп өнімін шет елге саудалайтындар үшін арнайы квота бөлінбек.

Өткен жылдың қарашасында ауыл шаруашылығы мен қаржы министрліктері бірлесіп ірі және ұсақ малды, сондай-ақ картоп пен сәбізді шет елге сатуға уақытша тыйым салған. Жауапты шенеуніктер бұл қадамды елдегі азық-түлік бағасын ұстап тұруға жасалған амал деп түсіндірді.

Министрлік Сарығаш станциясындағы кеден бекетінде тұрып қалған 40 вагон картопқа да түсініктеме берді. Ведомствоның дерегінше, экспортқа тыйымның вагондардың тоқтап қалуына еш қатысы жоқ. Себебі, тауарға  шектеу енгізілгенге дейін фитосанитарлық сертификат берілген. Сондықтан шекарадағы картоп ұзамай Қазақстан аумағынан шығарылуы тиіс деді ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.