{metadescription}
Ақтөбеде жан түршіктіретін жол апатынан бес адам өлді
Ақтөбеде жан түршіктіретін жол апатынан бес адам өлді

Ақтөбеде жан түршіктіретін жол апатынан бес адам өлді

Ақтөбеде жан түршіктіретін жол апатынан бес адам мерт болды. Самара-Шымкент тас жолында Өзбекстан азаматы тізгіндеген жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

Оқиға Хромтау ауданындағы Өлке ауылының маңында болды. Шетелдік жүргізуші көк тайғақтан рөлге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан қарсы бағытқа шығып, «Тойота Камриге» соғылады. Жеңіл көліктегі 34 жастағы жүргізуші мен қасындағы төрт жолаушы сол жерде көз жұмды. Қазір Өзбекстан азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол қамауда отыр.

Айдос Құлжанов, Ақтөбе облыы жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

- Жүк автокөлігінің жүргізушісі қысқы мезгілде жолдың жағдайын ескермей қарсы бағытқа шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан «Тайота Камри» автокөлігімен соқтығысқан. Құрметті жүргізушілер, қысқы мерзімде жолға шығар алдында қысқы мезгілдің жағдайын ескеріп, тайғақ немесе көріну мүмкіндігі азайған кезде жолда өте сақ болуға шақырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.