{metadescription}
Қоғам белсенділері: Техбайқау орталықтары жемқорлықтың ордасына айналған
Қоғам белсенділері: Техбайқау орталықтары жемқорлықтың ордасына айналған

Қоғам белсенділері: Техбайқау орталықтары жемқорлықтың ордасына айналған

Көліктерді техникалық байқаудан өткізу орталықтары жемқорлықтың ордасына айналды. Алматыда бір топ қоғам белсенділері осылай дабыл қағып Президентке үндеу жолдады.

Олардың айтуынша, көлік комитетінің жарлығынан экологияға орасан залал келіп, жолдағы қауіпсіздік сын көтермейтін жағдайға жеткен. Он жыл бұрын енгізілген тәжірибе осы саланы дамытуға мүмкіндік жасамады деген белсенділер «түбегейлі өзгеріс қажет» дейді.

Арсен Шакуов, «Ортақ жол» жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының жетекшісі:

- Бұрын көліктерді техникалық байқаудан өткізу ішкі істер министрлігіне тиесілі болғанда, қарсы топ жемқорлық дендеп алды деп сынға алып, кейін жеке секторларға берілді. Өкінішке қарай, жеке секторлар одан сайын шаруаны кері кетіріп бақылаудан шығарып алды. Сол себепті Президентке үндеу тастап, көлік комитетінің жұмысын қайта қарауды сұраймыз.  Бірақ ел ішінде қолданыстағы көліктерді жаңартпайынша, бұл жүйені алып тастауға болмайды. 

Белсенділердің айтуынша, қазір техникалық тексеру орталықтарына бармай-ақ құжатыңды рәсімдей аласың. Оған бар-жоғы мың жарым немесе 3 мың теңге төлесең жетіп жатыр. Тіпті соңғы уақытта әлеуметтік желі арқылы көліктерді техникалық байқаудан өткізіп беретіндер де көбейген. Ал индустрия және инфрақұрылым даму министрлігіне қарасты Көлік комитеті инвестиция тартпақ түгілі, аталған саланы халықаралық бірлестіктермен біріктіруге дәрмені жетпеген. Соның кесірінен жекеменшік орталықтар білгенін істеп жатыр дейді белсенділер.

Осы айдың ортасында Мәжіліс депутаттары да техникалық байқау орталықтарының жұмысын сынға алып, тіпті оны алып тастау керек деп ашуға мінген. Алайда Президентке үндеу жолдаған белсенділер көліктің техникалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жүйені өзгертіп, ең бастысы, ескі көліктердің санын азайтуға көбірек көңіл бөлуді ұсынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде