Таразда іздеу салынған екі азаматтың да туысы табылды
Тараздағы қайта әлеуметтендіру мекемесі іздеу салған екі азаматтың да туысы табылды. Бақытжан отбасына оралса, Сергей орталықта қалатын болды.
Автор: Руслан Әбдіхалық
31.01.2022
Жақындарын іздеген бұл екеуі жайлы сюжет өткен аптада көрсетілген. Бақытжан Қожаниязовты жақындары демалыс күні Алматыға алып кеткен. 26 жастағы азаматтың әжесі мен анасы бар екен. Мектеп кезіндегі төбелестен басынан қатты соққы алып кемтар болып қалған жігіт үш ай бұрын үйінен шығып кетсе керек. Күні бүгінге дейін тәртіп сақшылары таппай жүріпті.
Ал екінші азамат осында қалатын болды. Оның жақындарынан ешкім жоқ, тек алыс туыстары хабарласып, алып кетуден бас тартқан. Дегенмен Сергейдің жеке басына қатысты дерек түгелденді. Енді сол бойынша құжаттар рәсімделіп, 55 жастағы кісі қарттар мен мүгедектер үйіне жіберіледі.
Ботакөз Қалқабаева, психолог:
- Ол кісінің аты-жөні – Страшной Сергей Петрович. 27 мамырда 1967 жылы туған. Ары қарай ол кісі орталықта қалады, тиісті жұмыс жүргізіледі. Ең алғаш құжат рәсімделеді, одан кейін денсаулығына байланысты мүгедектік топқа шығарылып, мүгедектер мен қарттар үйіне орналастырылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!