Елімізде «А» тұмауы таралып жатыр
Қазақстандық дәрігерлер коронавирустан бөлек, жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау жұқтырғандарды көптеп тіркеуде. Қазір елімізде «А» тұмауы таралып жатыр.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
01.02.2022
Эпидемия кезеңі басталғанға дейін үш миллионға жуық адам тұмауға қарсы екпе салдырған. Дегенмен вакцина аурудың өршуіне тұсау болмай тұр. Себебі, қаңтардың бірінші жартысында жұқпалы вируспен ауырғандар саны күрт өскен. Әсіресе айдың соңғы аптасында өсім айтарлықтай байқалыпты. Оның ішінде балалар арасында сырқаттанушылар саны 13 пайызға артқан. Жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау, Covid-19 балалар мектепке барған сәтте, яғни офлайн оқу кезінде тез таралыпты.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Барлық профилактикалық-спецификалық емес шаралардың коронавирус инфекциясының профилактикасына ұқсас және өзекті. Сондықтан сақтану қажет. Елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында, вакциналауды, ревакцинациялауды, маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, халық көп жиналатын орындарға баруды болдырмау сияқты профилактикалық шаралар жалғастырылуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!