{metadescription}
Жаңаөзендік ұстаздар мектепті сенімгерлік басқаруға беруге қарсы
Жаңаөзендік ұстаздар мектепті сенімгерлік басқаруға беруге қарсы

Жаңаөзендік ұстаздар мектепті сенімгерлік басқаруға беруге қарсы

Жаңаөзен қаласындағы ұстаздар білім ордаларын сенімгерлік басқаруға беруге қарсы шықты. Наразы топ облыс әкімі мен білім және ғылым министріне үндеу жолдады.

- Біз, Жаңаөзен қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектеп ұстаздары мектебімізді жекеменшік сенімгерлік басқаруға беруге қарсымыз. Жекеменшік сенімгерлікке беру деген сөз бірден болмаса да, уақыт өтумен мұғалімдерді қысқарту, оқудың ақылы формаға өтіп кетуі... 

Мұғалімдер мектеп жекеменшік сенімгерлік басқаруға өтсе, ұстаздар қатары қысқарып, оқу ақылы болады деп алаңдауда. Бұл бастама Жаңаөзен қаласындағы мектептердің әлеуетін арттыру мақсатында жасалып жатыр екен. Шенеуніктердің сөзінше мұнайшылар шаһарындағы 10 білім ордасын сенімгерлік басқаруға беру жоспарланған. Яғни инвесторлар ескі мектептерді өз қаражатына жөндеп, материалдық-техникалық базасын жақсартып, ұстаздардың біліктілігін арттырады дейді. Бірақ бұл жоба әлі нақты қабылданбаған. Қазір тек түсіндірме жұмысы жүргізіліп, ұсыныстар қабылданып жатыр дейді білім басқармасындағылар.

Гүлмира Мамаева, Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Белгілі бір мектептердегі білім сапасын арттыру. Педагогтардың шеберлігін арттыру. Олардың біліктілігін артыруға көмектесу негізгі міндетіміз. Мектептердегі мұғалімдерді ешкім қысқартпайды. Бұл жерде оқушы да, ата-ана да, мұғалімде ешқандай шектету, я болмаса қысқарту, басқа жағдай да болмайды. Бұрын қалай  жұмысын атқарып мектепке бала барып жүр, дәл сондай болып жалғасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде