{metadescription}
Қаңғыбас қоқыс контейнерінен әйелдің денесін тауып алды – Шымкент
Қаңғыбас қоқыс контейнерінен әйелдің денесін тауып алды – Шымкент

Қаңғыбас қоқыс контейнерінен әйелдің денесін тауып алды – Шымкент

Шымкентте қоқыс контейнерінен адам денесі табылды. Белгісіз әйелдің мүрдесін таңертең қоқыс аралап нан іздеген қаңғыбас тауып алған.

Нұрлан Мылтықбаев, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Осы жерден мәйітті көрген. Такси қызметкерлеріне барып, солардың телефонымен милиция шақырған екен. Сөмкеге салынып, көрпеге оралған дейді. Бет-аузы көгерген, соққы алған, әбден ұрылған дейді. Жас шамасы 30-35 жас шамасында деді.

Қоқыс арасынан табылған мүрдеден арақтың иісі шыққаны да айтылып жатыр. Көпқабатты үйлердің арасындағы контейнерге өліктің алыстан әкелінуі де мүмкін. Күдік тудырмас үшін денені көрпеге орап үлкен сөмкеге салып тастапты. Адам денесі табылған жерді полицейлер қоршап айғақ заттар алынды. Қазір марқұмның кім екені анықталып жатыр. Тексеруді бастаған тәртіп сақшылары қылмыскерлер бірнешеу болуы мүмкін дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.