{metadescription}
Ауруханаға әкесі тастап кеткен екі жасар баланың тағдыры не болары белгісіз
Ауруханаға әкесі тастап кеткен екі жасар баланың тағдыры не болары белгісіз

Ауруханаға әкесі тастап кеткен екі жасар баланың тағдыры не болары белгісіз

Алматыдағы №2 балалар ауруханасында соңғы бес айдан бері екі жасар бүлдіршін ата-анасын күтіп жатыр. Полиция департаменті әкесі құжатын реттегеннен кейін ұлын алып кетем деп, із-түзсіз жоғалғанын айтады. 

Ал аурухана тарапы, керісінше, оның ай сайын келіп тұрғанын, бүлдіршінді балалар үйіне өткізбеуін өтінгенін алға тартып отыр. Бала тағдыры таразыға түскенде пікірі екіге жарылған қай мекеменің сөзіне сену керек?

Екі жасар сәбидің ендігі күні не болмақ?

Бір уақ ойыншыққа алданғанмен, екі жасар Тәңірберген есік жаққа жәутеңдеп қарай береді. Бала көңілі әке-шешесі неге осынша уақыт келмей жатқанын түсінбейді. Бес айдан бері ауруханың бұл бөлмесі – үйіне, қызметкерлері – туысына айналды.

Гүлайым Акрамханова, тәрбиеші:

- Тілепберген Тәңірбергеннің бізге келгеннен бері ,бұл бала бізге бауыр басып кетті, біз бұл балаға бауыр басып кеттік. Алғаш келгенде қылықтары болса, қазір тілі шығып келе жатыр. Кіріп келгенде атымыз аталса қуанып, танып, жатады.

Бүлдіршін былтыр қыркүйекте бірнеше апта бойы көшеде қонып жүрген жерінен №2 балалар ауруханасына әкесімен бірге жеткізілген. Тілепбергеннің туғаннан құжаты жасалмағаны анықталды. Анасы тастап, басы ауған жаққа кетіпті-міс. Әкесі тұратын жер тауып құжатын жасатқанша, баласы ауруханада бола тұрғанын құп көріпті.

Рүстем Балтабаев, Алматы қаласы № 2 балалар ауруханасының заңгері:

1985 жылғы баланың әкесі – Тілепбаев Ануарбек, ол ай сайын осында келіп тұрды. Ұлын балалар үйіне өткізбеуді өтінді. Құжатты жасап жатқанын, өзі әкесі екенін алға тартты. Айтуынша, баламен тұратын жері жоқ. Аурухана тарапынан тиісті мекемелерге ақпарат берілді. Кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғайтын ведомствоаралық комиссия бұл мәселені қарауына алды.

Алайда полиция департаментінің мәліметі аурухана берген ақпаратпен сәйкеспейді. Әкесі қыркүйектен бері баласына келмегенін, қазір іздеп жатқанын жеткізді.

Рүстем Әбдірахманов, Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары:

Қазіргі уақытта әкесін іздеп таба алмай жатырмыз. Алматы қаласының аумағында жоқ. Баланы қайда қалдыратынымызды нақты шешу үшін жақын уақытта әкесін де, анасын да табамыз. Әкесі бірде-бір рет ауруханада бой көрсетпеген. Яғни баланың денсаулығын қарату үшін 22-қыркүйекте аурухана жатқызғаннан кейін оған алаңдап іздеген ешкім жоқ.

Әңгімені қысқа қайырған Әбдірахманов басқа сұраққа жауап беруге құлық танытпады.

Телефоны шырылдамаса да, «шұғыл сөйлесу керек» деген желеумен есіктен шыққан күйі қайта келмеді. Әкесі баласын іздеп-іздемегені жөніндегі сұрақтың жауабы әзірге екіұшты. Тәңірбергеннің құжатын реттеуге құзырлы орган кеше ғана кіріскенін растады. Ертең туу туралы куәлігін де алмақ. Тәңірбергенді уақытша қоғамдық қор қанатының астына алмақ. Ал одан арғы тағдыры не болары әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде