{metadescription}
Президент бас қаржыгер лауазымына Ғалымжан Пірматовты лайық деп тапты
Президент бас қаржыгер лауазымына Ғалымжан Пірматовты лайық деп тапты

Президент бас қаржыгер лауазымына Ғалымжан Пірматовты лайық деп тапты

Үш күн басшысыз қалған Ұлттық банкке бүгін жаңа төраға келді. Президент бас қаржыгер лауазымына Ғалымжан Пірматовты лайық деп тапты. Ол бұған дейін "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясын басқарған.

Ал Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Ерболат Досаев өткен дүйсенбіде Алматыға әкім боп тағайылдалған еді. 

Жоғарғы палата депутаттарына кандидатты президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов таныстырды. Сенаторлар Президент ұсынысын бірден қолдай кетті. Тек жаңа төрағамен жақыннан таныса алмады. Себебі, Ғалымжан Пірматов осы күндері коронавирус жұқтырып алған екен. Сондықтан отырысқа тек онлайн қатынасты.

Жаңа басшы Ұлттық банкті жатырқамасы анық. "Қазатомөнеркәсіптен" бөлек, ол әр жылдары «Қазақстан халық банкі», «БТА Банкінде» қаржыгер, Ұлттық банктің төрағасының орынбасары болып та қызмет еткен.

Тимур Сүлейменов, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:

- Өкінішке қарай, Ғалымжан Олжайұлы Ковид-19 жұқтырып алып, бүгін келе алмады. Сауығып шыққан соң Президент әкімшілігі таяу уақытта іске кірісуіне тапсырма береді. Ол Сенат пен мемлекет басшысы жүктеген жоғары жауапкершілікті іске асырудың мақсаты мен міндеті және жаңашыл тәсілдері туралы Жоғары палатаны міндетті түрде арнайы келіп таныстырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде