Жанармайды шетелге шығаруды шектеу мерзімі ұзартылуы мүмкін
Жанармайды шетелге шығаруды шектеу мерзімі ұзартылуы мүмкін. Өйткені мұнай өнімдерін шекардан шығарған жағдайда бағаны ұстап қалу амалын энергетика министрлігі әлі таба қоймапты.
Автор: Елдос Есенбол
03.02.2022
Энергетика министрлігіндегілер жанармай құнын көтеруге тыйым салынған үш ай ішінде оң шешімін табуға тиіс. «Әйтеуір қол қусырып отырған жоқпыз» деген Болат Ақшолақов жасалып жатқан амалдарға тоқталды. Ең алдымен үш мұнай өңдеу зауытының ішіндегі ең ірісі – Шымкент зауытын кезең-кезеңімен кеңейтіп, өнім көлемін арттырады. Сондай-ақ енді бұдан былай бір жылда бір ғана мұнай өңдеу зауыты жөнделеді. Өйткені жанармай құнынының аспандап кетуіне бірден-бір себеп осы.
Энергетика министрінің басын ауыртар тағы бір мәселе – делдалдар. Сондықтан олар электронды сауда-саттыққа қатысу үшін арнайы талаптар енгізуді жоспарлап отыр. Яғни енді тек сақтау қоймасы, сату нүктелері барларға рұқсат беріледі.
Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:
- Мұнай өңдеу саласында не қуаты жоқ, не газ тарату станциясы жоқ делдалдар бар. Біз оларды бұл саладан алшақтатамыз. Газ өндірумен айналысатындарды және өнімді жанармай құю бекеттері арқылы сататындарды ғана қалдырамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!