Ақтөбеде әкімдік бекіткен шекті бағамен тауар табу – қиын
Ақтөбелік шенеуніктер қара халық сияқты азық-түлік алуға дүкенге сабылмайтын сыңайлы. Өйткені айына жұмсайтын ақшасы 100-150 мыңның айналасында екен.
Автор: Жаңалық Ахаш
03.02.2022
- Орташа деңгейде есептегенде отбасымызға бір аптаға 30-40 мың теңге азық-түлік, тауарларға жұмсалады. Отбасымыз бар.
- Біз орташа есеппен, азық-түлікке айына нақты жобамен 100 мыңның үстінде жұмсаймыз.
Елімізде қымбатшылық қысып тұрған өңірлердің қатарында Ақтөбе де бар. Азық-түлік бағасының шарықтауы бойынша тізімді елорда бастап тұрса, Ақтөбе облысы алғашқы үштікте. Бұл аймақта осы айда картоп пен сәбізден бастап қарақұмыққа дейін қымбаттаған. Ең қызығы, әкімдік бекіткен шектік баға бойынша дүкеннен тауар табу қиын. Мысалы, шенеуніктер өткен тоқсанда картоп құнын 105 теңгеден асырмауға кәсіпкерлерге бұйрық беріпті. Бірақ базар мен супармаркетте келісі 200 теңгеден арзан өнім жоқ. Аймақта сүт пен айран, майдың бағасы да көтерілген. Азық-түлік бағасын бақылауға облыста кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасы міндетті. Ондағы басшылар бағаны тұрақтандыруға қазынадан миллиардтап ақша бөлінді деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!