{metadescription}
ВИЧ-инфекциясынан нақты статистика да жоқ, бағдарлама да жоқ
ВИЧ-инфекциясынан нақты статистика да жоқ, бағдарлама да жоқ

ВИЧ-инфекциясынан нақты статистика да жоқ, бағдарлама да жоқ

Қазақстанда ВИЧ-инфекциясын жұқтыратындар саны едәуір артуы мүмкін. Бүгін сенаторлар қауіпті ауруды зерттеуді бәсекелестік ортаға беруге қарсы шықты. Елімізде жеке зертханалардың талдау нәтижелері жинақталатын бірыңғай ақпараттық жүйе жоқ.

Егер өлімге апаратын ауруды зерттеу жекенің қолына өтсе, мемлекет те бақылауды жоғалтып алады. Адамның иммунотапшылық вирусын зерттеудің жүйелі тәсілі тек мемлекеттік мекемелерде бар екеніне депутаттар сенімді. Ал жеке зертханаларда талдау нәтижелері жинақталатын бірыңғай ақпараттық жүйе мүлдем жоқ. Жаңа ережелер бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2026 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасына сәйкес бекітілген. Біріккен ұлттар ұйымының деректері бойынша, Орталық Азияда ВИЧ соңғы кезде тез таралған. Қазақстанда ауруды 29 мың адам жұқтырыпты. Соңғы бес жылда олардың саны 13 пайызға өсті. Егер бұрын вирус нашақорлардан нашақорларға жиі жұққан болса, қазір 70 пайызы жыныстық қатынас арқылы беріліп жатыр.

Ақмарал Әлназарова, Сенат депутаты:

Тұжырымдама АИТВ диагностикасының бірінші кезеңін ғана бәсекелес ортаға беруді көздейді. Талдау нәтижесі оң болған жағдайда, бұл берілу жолдары мен факторларын анықтау, байланыс жасаушыларды іздеу және зерттеу жөніндегі дәйекті тізбектің бұзылуына әкеледі. Бұрын Қазақстанда жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен гепатиттерге зерттеу жүргізуді бәсекелестік ортаға беру тәжірибесі болған. Нәтижесінде біз осы аурулардың таралуын бақылауды жоғалтып алдық. Бүгінгі таңда елде оның  нақты статистикасы жоқ және осы инфекцияларға жауап беру бағдарламасы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде