{metadescription}
​​​​​​​Балқаш көліне қаланың кәріз суы құйылып жатыр
​​​​​​​Балқаш көліне қаланың кәріз суы құйылып жатыр

​​​​​​​Балқаш көліне қаланың кәріз суы құйылып жатыр

Балқаш көліне қаланың кәріз суы құйылып жатыр. Мұны байқаған тұрғындар дабыл қағуда. Қазір лас су басқан жерді экологтар тексеруге кіріскен.  

Ақтоғай ауданы әкімі, Ақтоғай прокуроры, экология министрлігі мынаны қолға алыңыздар! Өзіміздің боққа өзіміз шомыламыз ба енді, жаздың күні?! Мына көлге ағып жатыр, мынаның барлығы, келіп көріңіздер!

Балқаш қаласының кәріз суы жиналатын жер Шашубай кентінің маңында орналасқан. Тұрғындар лас су құйылатын шұңқырдың арнасынан асқанын осыдан он күн бұрын айтыпты. Алайда қозғалған жан болмаған. Қазір далаға жайылған кәріз суы Балқаш көліне жеткен. Ақтоғай ауданы әкімдігі кеше ғана осы жерге барып әңгіменің растығына көз жеткізгенін айтады. Аталған аумақты экологтар тексеріп, Балқаш қаласының кәріз жүйесіне иелік ететін «Балқаш Су» мекемесін жауапқа тартады деп сендіріп отыр.

Данияр Серіков Шашубай кентінің әкімі:

- Кәріз жүйесі туралы түскен бейнежазба бойынша комиссия құрылып,  комиссияны өзім бастап, Тоқырауын полиция басшысы, коммуналдық салалармен бірігіп тиісті орынға бардық. Ол жерде кәріз жүйесі ағып жатқаны анықталды. Біздің тарапымыздан Қарағанды экологиялық департаментіне тиісті шара қолдануға хат жазылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде