{metadescription}
Бейберекетсіздік кезінде бүлінген әкімдік ғимараттары ...
Бейберекетсіздік кезінде бүлінген әкімдік ғимараттары ...

Бейберекетсіздік кезінде бүлінген әкімдік ғимараттары ...

Бейберекетсіздік кезінде өртенген, бүлінген әкімдіктердің ғимараты қалпына келтіріліп жатыр. Зардаптың ауқымына қарай жөндеу жұмысы да ұзаққа слзылатын түрі бар.

Талдықорғандағы облыстық әкімдікте әлі тазалау жұмысы бітпеген. Ал шымкенттік атқамінерлер тез арада қалпына келген ғимаратқа кіріп үлгерген.

Таразда жаппай тәртіпсіздік кезінде 7 нысан өртеліп қиратылған. Оның біреуі облыстық әкімдік ғимараты. 8-қаңтарда басталған күрделі жөндеу 80 пайызға орындалған. Мамандар 1-наурызға дейін пайдалануға беріледі деп сендіреді. Тек алты қабатты ғимаратты қалпына келтіруге 1 млрд.230 млн.теңге бөлінген.

Ысмайыл Көпжасаров, «Интеллект Азия» ЖШС өкілі:

- Ішін 50-55 пайызға бітіріп отырмыз. Бүгінде 150 адам жұмыс істейді. 18 техникамыз бар. Бұл ғимарат 1986 жылы соғылған. Содан бері толық жөндеу жасалынбаған екен, тек әрі жері ғана. Біз қазі қабырғаны қырып, жаңадан барлық кабинетті жөндеп жатырмыз.

Семейде де  қаңтардағы тәртіпсіздікте тас-талқаны шыққан әкімдік ғимараты қалпына келтіріліп жатыр. Бүлікшілер бірінші және екінші қабаттағы терезелердің сау тамтығын қалдырмаған. Сонымен қатар жалпы саны 171 есікті сындырып кірген. Ал оның ішінде тұрған кейбір дүниені қолды қылған. Ғимаратты толық қалпына келтіруге екі ай уақыт керек дейді әкімдіктегілер.

Шынар Сағадиева, Семей қаласы әкімі аппаратының қаржы шаруашылық жұмыстарының басшысы:

200 млн. теңгеге жуық шығын келді. Қаржы бөлінді. Қазір жұмыс атқарылып жатыр. Бүлінген жерлер орнына келтірілуде. Бейнебақылау жүйесі мен өрт далбыл құралын қайта орнатып жатырмыз. Ал есік-терезелер түгел қалпына келтірілді. Жұмыс штаттық режимде жүргізілуде.

Талдықорғандағы облыстық әкімдікте ғимаратты тазалау жұмысы ғана жүріп жатыр. Жөндеу басталмаған. Соған қарағанда Қанат Бозымбаев өз кабинетіне жайғасуға асықпайтындай. Алдын ала есеп бойынша қалпына келтіруге 5 млрд. теңгеге  қаржы қажет. Бір ғана жоба-смета құжатын әзірлеу мен техникалық зерттеуге облыстық бюджет қорынан 179 млн. теңге бөлінген. 

Шымкенттік шенділер тез арада қалпына келген әкімдік ғимаратына қайта оралып, жұмыстарына кірісті. Негізінен ғимараттың сыртына қарағанда  ішіне көп зақым келген. Әзірге шығын көлемі 100 млн. теңге деп бағаланып отыр.

Ал Алматыда бүлік кезінде 291 нысан бүлінді. Олардың ішінде ең ауыр соққы қала әкімдігінің ғимаратына тиді. Іші-сыртын жалын шарпып, күлін көкке ұшырғанмен ғимараттың қабырғасы қисаймай аман қалды.

Алматы орталығындағы өртенген әкімдік қала сұрқын қашырмасын деді ме, сыртын тұмшалап, айналасын қоршап тастаған. Атқамінерлер айтқан сөзінде тұрса, бес айдың ішінде толық қалпына кетіріледі. Жөндеудің жайын өз аузынан айтсын деп күн ұзақ әкімдікке хабарласқанмен, сұхбат беруге бірде-бір жауапты адам табылмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде