{metadescription}
Енді көмекке мұқтаждар «Қазақстан халқына» қорынан ақша ала алады
Енді көмекке мұқтаждар «Қазақстан халқына» қорынан ақша ала алады

Енді көмекке мұқтаждар «Қазақстан халқына» қорынан ақша ала алады

Енді көмекке мұқтаж қазақстандықтар «Қазақстан халқына» қорынан ақша ала алады. Бірақ қаржылай қолдауге ие болуы оңай емес. Ел азаматтары алдымен қордың бүгін ғана іске қосылған сайтына өтініш қалдыруға тиіс.

Әр өтініш иесінің толтырылған барлық дерегі www.atamekenim.kz платформасына жіберіледі. Өтініштерді үкіметтік емес ұйымдар өңдейтін болады.

«Қазақстан халқына» сеніп қалуға да болмайды. Өйткені қордың мақсаты мен міндетіне талап-тілек сай келмесе, өтініш қайтарылады, сөйтіп көмектен қағыласыз. Соңғы шешімді сарапшылар қабылдайды. Қазақстандықтарға сарапшыларды таңдауға сайтта мүмкіндік берілген. Бүгінде қорға 113 миллиард теңге жиналған. Президент тапсырмасына сәйкес, ол денсаулық, білім, әлеуметтік салаға, Алматыны қалпына келтіруге жұмсалмақ.

Қор бүгін демеушілердің тізімін жариялады. Демеушілердің қатарында- ірі компаниялар, есімі көпке таныс олигархтар, бай-бағландар, шенеуніктер бар.

Қорға Еуразиялық топ 30 миллиард теңгесін аударған. Екінші орында халық қайырымдылық қоры тұр. Қомақты қаржы бергендердің үштігін Өтемұратовтың қоры 10 миллиард теңгемен түйіндейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде