Енді алматылықтардың әр басқан қадамы бақылауда болады
Алматылықтардың әр басқан қадамы бақылауда болады. Алдағы уақытта көшелерде тағы 3 мың бейнекамера орнатылады. Қаңтардағы оқиғадан сабақ алған полицейлер бірыңғай бейнебақылау жүйесі арқылы шаһардағы қауіпсіздік шарасын күшейтуді көздеп отыр.
Автор: Мақсат Мәлік
04.02.2022
Екі жыл бұрын полиция департаментіне қарасты орталық азаматтар көп жиналатын жерлер, аулалар мен полиция пунктеріне іргелес аумақтардағы қозғалысты қадағалай бастаған. Енді алдағы екі жыл ішінде қаладағы барлық жағдайды көріп отыру үшін камераларды сауда орталықтары мен өзге де жекеменшік нысандармен біріктіру жоспарланған.
Қаңтар айының басындағы тәртіпсіздіктер кезінде наразылық білдірушілер қаладағы 304 бейнекамера тиесілі 75 «Сергек» және жеке жүйесі бар 283 камераны қиратып кеткен. Тәртіп сақшылары бүлінген бейнекамерлар мен қондырғыларды қалпына келтірдік дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!