Қырғызстан-Қазақстан шекарасында контрабанданың жолы кесілді
Бағалы құндыз тондар мен брендтік киімдерді заңсыз алып өтпек болған. Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында кезекті контрабанданың жолы кесілді. Миллиондаған тауардың бірде-бір құжаты жоқ.
Автор: Елдос Есенбол
04.02.2022
Айнұр Сартаева, Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:
- Бұл тауарлар негізі бізге Қытай арқылы келіп, Қырғызтан арқылы кіргізілмек боған. Тауарлар тек Қазақстан аумағына ғана емес, сонымен қатар Ресей Федерациясы аумағына өткізілмек болған. Қырғыз Республикасына да осы тауарлардың заңдылығын тексеру мақсатында тиісті сұрау салынады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында тері бұйымдарында міндетті таңбалау болуы тиіс. Және кез келген тауарға 12 пайыз мөлшерінде құн салығын төлеу қажет.
Жымысқы ойын жүзеге асырғысы келгендер бір тиын да төлемей шекара асқысы келген.
Қаржы министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері Қырғызстаннан Қазақстан мен Ресейге тасымалданатын жүк ағыны үш есеге артыпты. Олар негізінен халық тұтынатын тауаралар. Осы қарбаласты бәзбіреулер өз пайдасына жаратқысы келген. Себебі жүк арасында жасырын Қытай өндірісінің тауарлары да көбейіпті.
Мемлекеттік кірістер комитеті өткен жылдың соңында да құны 1 миллиард теңгеден асатын ұялы телефонды заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кескен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!