{metadescription}
Қарағандыда экологтар ауаның екі есе ластанғанын анықтады
Қарағандыда экологтар ауаның екі есе ластанғанын анықтады

Қарағандыда экологтар ауаның екі есе ластанғанын анықтады

Қарағандылықтар шаң-тозаң мен көміртегінің тотығына тұншығып жатыр. Соңғы күндері қаланы қалың қара тұман басқан. Дереу сынама алған экологтар ауаның екі есе ластанғанын анықтады.

Соңғы күндері тұрғындар қалада қыдыру тұрмақ, үйінен шығудан қалды. Айтуларынша далада жөтел қысып, бас ауыратын болған. Осыған байланысты белсенділер қала ауасын тексеруді сұрап дабыл қақты. Көше аралап ауа құрамын тексерген экологтар атмосферада көміртегі тотығы мен шаңның қалыпты деңгейден екі есеге артқанын анықтады. Олар ауа тазару үшін сапалы көмір алып, жылдамырақ газбен жылыту жүйесіне көшу керек дейді. Алайда Қарағандыны газбен қамту мәселесі соңғы төрт жылдан бері созбалаңға салынған. Ұсынылған тарифі де удай қымбат болған соң, оған қосылуға ешкім асығар емес.

Дархан Есжанов Қарағанды облысы экология департаменті басшысының орынбасары:

- Ластану көрсеткіші бар, ол бірінші кезекте адамның тыныс алуына кері әсер беріп, түрлі ауруды қоздырады. Сапалы көмір алу да проблеманы шеше қоймайды. Қалада пеш жағатын 25 мыңнан астам үй бар. Бұл мәселені тек газификация шеше алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.