{metadescription}
КТК арнасында журналистердің қызметін баяндайтын сериал түсірілді — «Тоғжан»
КТК арнасында журналистердің қызметін баяндайтын сериал түсірілді — «Тоғжан»

КТК арнасында журналистердің қызметін баяндайтын сериал түсірілді — «Тоғжан»

«Тоғжан» сериалының түсірілімі аяқталуға жақын. КТК арнасының төл туындысы енді монтаждалып, 14-ақпаннан бастап арнамызда көрсетіледі. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін журналистердің қызметін баяндайтын сериал көрермендерді бейжай қалдырмасы анық.

Шым-шытырыққа, тосын оқиғаларға толы туындыда бес бірдей режиссердің қолтаңбасы бар. Барлығы бас кейіпкер Тоғжанның өмірі арқылы адам бойынан табылатын жағымды да жағымсыз қасиеттерді, елдегі әлеуметтік мәселелерді суреттейді.

«Тоғжан» сериалы талғамы жоғары көрерменнің көңілінен шығары сөзсіз. КТК арнасының төл туындысын түсіруге бес бірдей режиссер жұмылдырылған. Әрқайсысының өз көзқарасы мен қолтаңбасы бар. Алайда барлығына қойылған мақсат ортақ — бас кейіпкердің шым-шытырққа толы өмірі арқылы өзгелерге ой салу.

Ботагөз Кенішбай, режиссер:

- Бес режиссердің бөлек-бөлек қолтаңбасы болғанымен6 жалпы контекстен шығып кетпеу керекпіз. Стилистикасын бұзбауымыз керек. Бұл сериалдың ерекшелігі — әр оқиға өмірден алынған. Өмірде болған оқиға. Кейіпкерлердің прототиптері бар. Шындық болған соң көрерменге қабылдауға оңай әрі жақын болады.

Туынды негізінен қызық пен шыжыққа толы тілшілік тіршілікті, телеарна ішіндегі қарбаласты да баяндайды. Сюжет желісі бойынша журналистер әр бөлімде тәлкекке түскен тағдырларға араша түседі. Өткір де өзекті мәселелерді қозғайды. Ақпарат саласының мамандары өз отбасындағы қиындықтарға қарамастан кәсібін адал атқарады.

Ермек Шынболатов, актер:

- Бұл сериалдың берілуі өте жақсы. Себебі, журналистердің көзқарасымен оқиғалардың шешілуі әр түрлі болады. 70 серияда біз көптеген мәселелерді қозғаймыз деп айта аламын. Көрермендерге қызықты болады деп есептеймін. Себебі, шытырман оқиға көп. Журналист жұмысы жұмысымен бірақ жеке проблемалары да болады ғой. Соны көрсетпеу керек. Кәсіби болу керек. Жұмысына берік болу керек. Соны түсіндім.

Сериалда Тоғжан есімді тележүргізушінің өмірі кеңінен суреттеледі. Оның кәсіби таланты мен табандылығы, махаббаты мен мейірімділігі сценарийде шебер өрілген. Түсірілім алаңдарының түрленуі мен декорацияның сәтті таңдалуы да көрерменнің қызығушылығын одан әрі арттырмақ.

Жанболат Байдербеков, актер:

- Түсірілім алаңындағы декорациялар керемет салынған. Өзімізді шынымен үйде немесе жұмыста жүргендей сезінеміз. Ол актерға өте маңызды. Бұл жерде тек бір ғана отбасының ғана емес, әр серияда жеке-жеке бір кейіпкерлердің басынан өткізген қиын жағдайы барлығы суреттеледі. Біздің басты кейіпкерлеріміз оларға көмектесіп, адамгершілік танытып жатады.

Жаңа сериал бір-бірінен ерекшеленетін, жұртты жалықтырмайтын 70 бөлімнен тұрады. Ендеше отандық туынды ақпанның 14-нен бастап КТК арнасынан тамашалаңыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде